Жалғыз акционер
Жалғыз акционер – Қоғамның жоғарғы органы
Қоғамның барлық қарапайым дауыс беруші акцияларының «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Жалғыз акционерге тиесілі екендігін есепке ала отырып, Қоғам Жарғысының 49-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Акционерлердің жалпы жиналысы өткізілмейді. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы, Қоғамның Жарғысы және Корпоративтік басқару кодексінде Акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді Қоғамның Жалғыз акционері жеке-дара қабылдайды және осы шешімдердің артықшылықты акциялармен куәландырылған құқықтарға қысым жасамау және шектемеу шартында, жазбаша түрде ресімделуге жатады. Корпоративтік басқару Жалғыз акционерге Қоғамды басқаруға қатысумен байланысты өзінің құқықтарын іске асыруға іс жүзінде мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Қоғам мен Жалғыз акционердің арасында ақпарат алмасу Заңнамамен, Қоғамның Жарғысымен және ішкә құжаттарымен реттеледі.