Директорлар кеңесінің құрамы

Директорлар кеңесі Қоғам қызметіне жалпы басшылық жасауды іске асыратын Қоғамның басқару органы болып табылады. Директорлар кеңесінің шешімдері Қоғам Жарғысында, Қоғамды Корпоративтік басқару кодексінде және Директорлар кеңесі туралы қағидада белгіленген тәртіпте қабылданады.  
Қоғамда Жалғыз акционердің Шешімімен бекітілген Директорлар кеңесі туралы қағида әрекет етеді. Директорлар кеңесі Қоғамды тиімді басқаруды қамтамасыз етіп қана қоймай, бақылау жүйесінің жұмыс істеуіне, сондай-ақ Жалғыз акционердің құқықтары мен заңды мүдделерін қадағалау мен қорғауды да қамтамасыз етеді.
Директорлар кеңесінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қағидаттарға және іскери этика нормаларына негізделеді.

Директорлар кеңесі мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар
 

Директорлар кеңесі мүшелігіне кандидаттар және Директорлар кеңесінің мүшелерінде өз міндеттерін орындау және Жалғыз акционер мен Қоғамның мүдделері үшін Директорлар кеңесінің тиімді жұмыс істеуін ұйымдастыру үшін тиісті жұмыс тәжірибесі, білімі, іскери және (немесе) салалық ортадағы біліктілігі мен оң жетістіктері болуға және Қоғамның ішкі құжаттарында көзделген талаптарға жауап беруге тиіс.

Қоғамның тәуелсіз директорларына қойылатын талаптар

Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес Қоғамның тәуелсіз директорының кандидатурасы мына критерийлерге жауап беруге тиіс:
1) Қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылмайды және Директорлар кеңесіне сайланудың алдындағы үш жыл ішінде болған жоқ (Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымын атқару жағдайын қоспағанда);
2) Қоғамның және оның аффилиирленген тұлғаларының қызметкері болып табылмайды және Директорлар кеңесіне сайланудың алдындағы үш жыл ішінде болған жоқ;
3) Қоғамның қызметкерімен жақын туыстықта (ата-анасы, ағасы, апайы, ұлы, қызы), некеде, сондай-ақ жегжаттықта (жұбайының ағасы, апайы, ата-анасы, ұлы немесе қызы) тұрған жоқ және Қоғамның Директорлар кеңесіне сайланудың алдындағы үш жыл ішінде тұрған жоқ;   
4) Қоғамның аффилиирленген тұлғаларына қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайды;
5) Қоғамның лауазымды тұлғаларына немесе ұйымдардың – Қоғамның аффилиирленген тұлғаларының бағыныстылықпен байланысты емес және Директорлар кеңесіне сайланудың алдындағы үш жыл ішінде аталған тұлғалармен бағыныстылықта болған жоқ;
6) Қоғамның немесе оның аффилиирленген тұлғаларының ірі клиенті немесе жеткізушісінің аффилиирленген тұлғасы болып табылмайды және Директорлар кеңесіне сайланудың алдындағы үш жыл ішінде болған жоқ;  
7) Қоғамнан немесе оның аффилиирленген тұлғаларынан айтарлықтай қаржыландыру алатын коммерциялық емес ұйымның аффилиирленген тұлғасы болып табылмайды;  
8) Қоғамға немесе оның аффилиирленген тұлғаларына кез келген сипаттағы ақылы қызметтер, соның ішінде кеңес беру қызметтерін көрсетпейді; 
9) Қоғам қызметкері Директорлар кеңесінің мүшесі лауазымын атқаратын заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы болып табылмайды;
10) мемлекеттік қызметші болып табылмайды;
11) Қоғам аудиторы болып табылмайды және Директорлар кеңесіне сайланудың алдындағы үш жыл ішінде болған жоқ;
12) аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде Қоғам аудитіне қатыспайды және Директорлар кеңесіне сайланудың алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатысқан жоқ;
13) Қоғам аудиторының немесе оның аффилиирленген тұлғаларының аффилиирленген тұлғасы болып табылмайды және Директорлар кеңесіне сайланудың алдындағы үш жыл ішінде болған жоқ. 

Директорлар кеңесінің құрамы

   
Сарымсаков Досболат Аманбекович Омарбеков Қуаныш Алтынбекұлы
Директорлар кеңесінің Төрағасы

1986 жылы туған. 2007 жылы Алматы экономика және статистика академиясын қаржы бакалавры дәрежесімен бітірді. 2014 жылы Қазақ Гуманитарлық-заң университетін құқық бакалавры дәрежесімен бітірген. 2017 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын «Іскерлік әкімшілендіру шебері (ІӘШ)» біліктілігімен, 2022 жылы - Қ.И  Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша бітірген. 

2011 – «Қазатомөнеркәсіп жолдары» «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС филиалының материалдық-техникалық қамтамасыз ету инженері.
2018-2022 жылдары – «KAP Logistics» ЖШС Бас директоры (бұрынғы «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС).
2022 жылдың желтоқсан айынан бастап – «Ақбастау» БК»  АҚ Бас директоры.
2023 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін - өндіріс жөніндегі бас директор, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма мүшесі.
Директорлар кеңесінің қолданыстағы құрамына сайланған күні - 23.11.2023 жыл.
Азаматтығы - ҚР.

   
Бежецкий Сергей Владимирович Бежецкий Сергей Владимирович
Директорлар кеңесінің мүшесі

1969 жылы туған. 1994 жылы «Ядролық-химиялық технология» мамандығы бойынша Томск политехникалық институтын бітірді. 2009 жылы «МВА – жалпы стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша Москва мемлекеттік университеті – Экономика жоғары мектебін бітірді.

1994 жылдан бастап «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-да жұмыс істейді.
1994 бастап 2004 аралығында  – уран өндірісі «В» цехының 6-разрядты аппаратшысы, «В» цехының ауысым шебері, «В» цехы ұнтақ өндіру бөлімшесінің технологы, уран өндірісі «В» цехы бастығының орынбасары – технологы.
2004 бастап 2008 аралығында – уран өндірісі директорының өндіріс жөніндегі орынбасары.
2008 бастап 2018 аралығында – уран өндірісінің директоры.
2018 бастап 2020 аралығында – «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – бас инженері.
2020 жылғы қыркүйектен бастап – «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы, Директорлар кеңесінің жұмыс істейтін құрамына сайлану күні – 26.06.2022 ж.
Азаматтығы – ҚР.
   
Раимханов Абзал Тулепбергенович Раимханов Абзал Түлепбергенұлы
Тәуелсіз директор

1984 жылы туған.  2006 жылы Қ.И. Сәтпаев ат. ҚазҰЗТУ, Қазақстан Республикасы «Машина құрастыру» мамандығы бойынша аяқтады. 2009 жылы  Staffordshire University/APIIT, Куала-Лумпур, Малайзия, «Технологияларды басқару» мамандығы бойынша аяқтады. 2019 жылы MIT (АҚШ) ынтымақтастағы  Asia School of Business, Куала-Лумпур, Малайзия, «Бизнес-әкімшілдеу, MBA» мамандығы бойынша аяқтады.

2006 бастап 2007 дейін  – Инженер, «Алматыметрострой» АҚ, Алматы,  Қазақстан Республикасы, инженер;
2009 бастап 2011 дейін  – Бас менеджер, Менеджер, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, Астана,  Қазақстан Республикасы;
2011 бастап 2014 дейін – ОА бизнесті дамыту жөніндегі директоры, SNC-Lavalin INC. Астана,  Қазақстан Республикасы;
2014 мамырдан бастап  2014 қарашаға дейін  – бизнесті дамыту жөніндегі директоры, «Базис А» ЖШС Астана, Қазақстан Республикасы;
2014  бастап 2015 дейін  – ҚР бойынша менеджер, TYPSA S.A. Астана,  Қазақстан Республикасы;
2015  бастап 2017 дейін  – Директор, «Resmi Trade» ЖШС, Астана,  Қазақстан Республикасы;
2018 маусымнан  бастап 2018 тамызға дейін  – Кеңесші, Petronas Куала Лумпур, Малайзия;
2019  бастап 2020 дейін - Бас Директордың орынбасары,  Esquel Group Пенанг, Малайзия;
2021 ақпаннан бастап  2021 сәуірге дейін  - Маркетинг және сату жөніндегі кеңесші, Olive House Пенанг, Малайзия;
2021 ақпаннан бастап осы уақытқа дейін  –  Профессордың ғылыми жұмыс жөніндегі көмекшісі, Asia School of Business + Massachusetts Institute of Technology Куала Лумпур, Малайзия + Кэмбридж, АҚШ.  Басқарушы серіктес, ARnomad Consulting Дубай, БАЭ негізін қалаушы.
Директорлар кеңесінің жұмыс істейтін құрамына сайлану күні – 26.06.2022 ж.
Азаматтығы – ҚР.

   
Аманжолов Алмаз Канатбекович

Аманжолов Алмаз Қанатбекұлы, FCCA 
Тәуелсіз директор

1983 жылы туған. 2002 жылы Қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжін «Маркетинг» мамандығы бойынша аяқтады. 2006 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы "Стратегия және көшбасшылық саласындағы Слоун Магистратура" бағдарламасы бойынша Лондондағы Бизнес мектебін бітірді. 2013 жылдан бастап Дипломды Сертификатталған Бухгалтерлердің Халықаралық қауымдастығының мүшесі болып табылады (ACCA).

2006 жылдан 2010 жылға дейін – Deloitte аудитор ассистентінен аға аудиторына дейін.
2011 ж. – «Менеджмент Солюшенс» ЖШС қаржы менеджері».
2011 жылдан 2014 жылға дейін – «Altyntau Kokshetau» АҚ Бас қаржылық бақылаушысы,
«Казцинк» ЖШС жобалық менеджері, «Altyntau Resources» АҚ Стратегиялық даму және
M&A департаментінің директоры.
2014 жылдан 2017 жылға дейін – «Odyssey Investments Group» ЖШС Бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары.
2017 жылдан 2018 жылға дейін – «Odyssey Investments Group» ЖШС Бас директоры.
2019 ж. – «Астана» халықаралық қаржы орталығының маркетинг жөніндегі директоры.
2020-Директор, AIFC Business Connect Ltd мәмілелерін тарту және құрылымдау жөніндегі дивизион басшысы. («Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің еншілес компаниясы).
2022 - White hill Capital Ltd., компаниясының Бас инвестициялық директоры, WHC Tech Ventures венчурлық қорының басқарушы компаниясы.
2022 жылғы сәуірден бастап-Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Бірінші Вице-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі.
Директорлар кеңесінің жұмыс істейтін құрамына сайлану күні – 18.02.2021ж.
Азаматтығы – ҚР.

   
Сахиев Саябек Куанышбекович

Сахиев Саябек Қуанышбекұлы
Тәуелсіз директор

1971 жылы туған. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Физика» мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

1995-2000 жылдары – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, Алматы қ.
2000 жылғы ақпаннан бастап 2001 жылғы наурызға дейін – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, Астана қ.
2001 жылғы наурыздан бастап 2002 жылғы сәуірге дейін – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік стандарттар және мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыру басқармасының Жоғары және орта кәсіптік білім департаментінің бас маманы, Астана қ.
2002 жылғы қаңтардан бастап 2002 жылғы сәуірге дейін – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Жоғары және орта кәсіптік білім департаментінің лицензиялау бөлімінің бас маманы, Астана қ.
2002 жылғы сәуірден бастап 2002 жылғы тамызға дейін – Ғылым департаменті, Ғылыми-техникалық бағдарламалар мен инновациялық қызметті болжау және дамыту басқармасының Ғылыми-техникалық бағдарламалар және инновациялық қызмет бөлімінің бастығы, Астана қ.
2002 жылғы тамыздан бастап 2003 жылғы желтоқсанға дейін – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті, Мемлекеттік тапсырыс және білім стандарттары басқармасының Мемлекеттік білім стандарттары бөлімінің бастығы, Астана қ.
2003 жылғы желтоқсаннан бастап 2004 жылғы қаңтарға дейін – Мемлекеттік стандарттар бөлімінің бастығы – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім департаменті, Ұйымдастыру және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары, Астана қ.
2004 жылғы қаңтардан бастап 2004 жылғы маусымға дейін – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім департаменті Мемлекеттік стандарттар, ұйымдастыру және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының бастығы, Астана қ.
2004 жылғы маусымнан бастап 2004 жылғы желтоқсанға дейін – ҚР Білім және ғылым министрлігінен ауыстыру тәртібі бойынша ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, Астана қ.
2004 жылғы желтоқсаннан бастап 2005 жылғы шілдеге дейін – ҚР Білім және ғылым министрлігі Әкімшілік білім беру департаменті Кадр және ұйымдастыру жұмысы басқармасының бастығы, Астана қ.
2005 жылғы шілдеден бастап 2006 жылғы ақпанға дейін – «Отан» Республикалық саяси партиясы ҚБ, «Отан» партиясы төрағасының м.а. көмекшісі, Алматы қ.
2006 жылғы ақпаннан бастап 2006 жылғы қазанға дейін – «Отан» Республикалық саяси партиясы ҚБ, Партияның орталық аппараты әлеуметтік-экономикалық саясат департаментінің директоры, Алматы қ.
2006 жылғы қазаннан бастап 2007 жылғы наурызға дейін – «Отан» Республикалық саяси партиясы ҚБ, Идеологиялық жұмыс департаменті, Партияның бағдарламалық құжаттарын іске асыру мониторингі бөлімі директорының орынбасары-меңгерушісі, Алматы қ.
2007 жылғы наурыздан бастап 2008 жылғы наурызға дейін – ҚР «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігінің сыртқы байланыстар және бағдарламалар мониторингі департаментінің директоры, Алматы қ.
2008 жылғы наурыздан бастап 2008 жылғы шілдеге дейін – ҚР «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігі Жастар саясаты және сыртқы байланыстар департаментінің сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, Алматы қ.
2008 жылғы шілдеден бастап 2013 жылғы қаңтарға дейін – ҚР «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігінің сыртқы байланыстар басқармасының бастығы, Алматы қ.
2013 жылғы қаңтардан бастап 2013 жылғы шілдеге дейін – ҚР «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігінің Орталық аппарат хатшылығы хаттамасының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі, Алматы қ.
2013 жылғы шілдеден 2015 жылғы қыркүйегіне дейін – ҚазИИТУ ғылыми-өндірістік кешені қауымдастығындағы Заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, Алматы қ.
2015 жылғы қыркүйектен бастап 2016 жылғы қыркүйегіне дейін – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК бас директоры, Алматы қ.
2016 жылғы қыркүйектен бастап 2017 жылғы қыркүйегіне дейін – ҚазИИТУ ғылыми-өндірістік кешені қауымдастығындағы Заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, Алматы қ.
2017 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы шілдесіне дейін – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылым департаментінің директоры, Алматы қ.
2020 жылғы шілдеден бастап 2021 жылғы тамызына дейін – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми жұмыстар және цифрландыру жөніндегі проректоры, Алматы қ.
2021 жылғы тамыздан бастап 2022 жылғы сәуірге дейін – Қазақ ұлттық зерттеу аграрлық университетінің Агротехнологиялық хабының директоры, Алматы қ.
2022 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК бас директоры, Алматы қ.

Директорлар кеңесінің қазіргі жұмыс істеп тұрған құрамына сайланған күні – 2024 жылғы 24 сәуір.
Азаматтығы – ҚР.

   
Умербеков Жанат Жанбырбаевич

Умербеков Жанат Жанбырбаевич
Директорлар кеңесінің мүшесі

1979 жылы туған.  2000 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін «Құқықтану»мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы «Қаржы және несие» мамандығы бойынша Басқару институты жеке білім беру мекемесін бітірді. 2018 жылы Мәскеу қаласындағы «МИСиС» Ұлттық технологиялық зерттеу университеті» ФМАЖББМ бітірді.

2000 бастап 2005 аралығында - ҚР ІІМ, Астана қ.
2006 бастап 2013 қараша аралығында – ҚР ҰҚК, Астана қ.
2013 қазаннан бастап 2017 шілде аралығында - Ақпаратты қорғау және іс жүргізу басқармасының бастығы, Мемлекеттік құпияларды және қауіпсіздікті қорғау Департаментінің директоры, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ.
2017 шілдеден бастап 2019 қаңтар аралығында - Кешенді қауіпсіздік жөніндегі Басқарушы директор, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ.
2019 ақпаннан бастап 2019 қазан аралығында -  Қауіпсіздік және мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі Басқарушы директор, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ.
2019 қазаннан бастап 2023 маусым аралығында - ҚР ҰҚК, офицер, Астана қ.
2023 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін – HR және әлеуметтік жұмыс жөніндегі Басқарушы директор, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ.
Директорлар кеңесінің қолданыстағы құрамына сайланған күні - 22.12.2023 жыл.
Азаматтығы - ҚР.

   
Махамбетов Әсет Кеңесбекұлы

Махамбетов Әсет Кеңесбекұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі

1991 жылы туған. 2014 жылы Пенсильвания мемлекеттік университетін (The Pennsylvania State University), АҚШ, Ядролық инженерия (Nuclear Engineering) мамандығы бойынша бітірген.

2012 жылдан 2014 жылға дейін – Пенсильвания мемлекеттік университетінің (The Pennsylvania State University) тағылымдамадан өтушісі, реактор операторы, реактордың аға операторы, Breazeale Ядролық зерттеу реакторы, “Radiation Science and Engineering Center" орталығы, АҚШ.
2015 жылдың наурызынан маусымына дейін – Зерттеушінің ассистенті, "National Laboratory Astana" Жеке Мекемесі, Назарбаев Университеті, Астана қ.
2015 жылғы маусымнан 2020 жылғы ақпанға дейін – Ядролық-отын циклі жобалары департаментінің менеджері, Атом энергетикасы жобалары департаментінің Ядролық технологиялар жөніндегі талдау бөлімінің басшысы, Ядролық-отын циклі және атом энергетикасы жобалары талдау басқармасының басшысы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ.
2020 жылғы наурыздан тамызға дейін – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары.
2021 жылғы қарашадан 2023 жылғы сәуірге дейін – «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-нің Консультанты, Жобаны басқару жөніндегі бас менеджері, Атом энергетикасы бөлімінің басшысы.
2023 жылғы сәуірден 2024 жылғы мамырға дейін – Мұнай-газ, тау-кен және энергетикалық активтер департаментінің аға менеджері, Энергетикалық және тау-кен активтері департаментінің Тау-кен активтері секторының басшысы, «Самұрық-Қазына» АҚ.
2024 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЯОЦ жөніндегі басқарушы директоры.

2019 жылдың желтоқсан айынан бастап президенттік Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Директорлар кеңесінің қолданыстағы құрамына сайланған күні – 2024 жылғы 22 тамыз.

Азаматтығы – ҚР.