"ҮЛБІ МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ЗАУЫТЫ" АҚ
Атом энергетикасы, электронды және металлургиялық өнеркәсіп және басқа да қызмет облыстарының қажеттіліктеріне арналған уран, бериллий, тантал мен ниобий өнімдерін өндіруші. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді. Болашаққа бізбен бірге!Корпоративтік басқару
Корпоративтік басқару
«ҮМЗ» АҚ ұдайы мониторингті іске асыра және алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибені енгізе отырып, өз корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін арттырып отыруға үнемі ұмтылады. «ҮМЗ» АҚ-дағы корпоративтік басқару мына қағидаттарға негізделген:
- Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаты.
- Директорлар кеңесі және Басқарманың Қоғамды тиімді басқару қағидаты.
- Қоғам қызметі туралы ақпаратты ашу айқындығы мен әділдігі қағидаты.
- Заңдылық пен этика қағидаты.
- Тиімді дивидендтік саясат қағидаты.
- Тиімді кадрлық саясат қағидаты.
- Қоршаған ортаны қорғау қағидаты.
- Еңбек жағдайларының қауіпсіздігі қағидаты.
- Корпоративтік даулар мен мүдделер қақтығысын реттеу қағидаты.
- Жауапкершілік қағидаты.
«ҮМЗ» АҚ корпоративтік басқару органдары жүйесіне мыналар кіреді:
Жоғарғы орган – Жалғыз акционер;
Басқару органы – Директорлар кеңесі;
Атқару органы – Басқарма.
«ҮМЗ» АҚ корпоративтік басқару құрылымы «ҮМЗ» АҚ органдары арасындағы өкілеттіктердің бөлінуін нақты айқындайды.
Зарипов Нуржан Ергажиевич «ҮМЗ» АҚ корпоративтік хатшысы болып табылады.