Бериллий  өндірісі

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ бериллий өндірісі  әлемдегі кен концентратын қайта өңдеуден   сапалық параметрге бағыттап, дайын өнім түріне дейін шығаратын толық  өндірістік циклі  бар  үш кәсіпорынның бірі.

Кәсіпорында  дайындалған технологиялық  схема  бериллий қосылған шикізаттың  қандай да болса түрін  қайта өңдеуге мүмкіндік жасайды. Теңдессіз технологиялық жабдықтар кәсіпорынға  бериллий мен оның құймаларының негізінен алынған бұйымдардың  кең ассортиментін  өндіруге мүмкіндік жасайды.   Гидростатикалық және  газостатикалық  нығыздағыш қондырғылар  изотоптық қасиеті бар өнім алуды қамтамасыз етеді.

«ҮМЗ» АҚ бериллий өндірісінің жарты ғасырлық жұмыс тәжірибесі, кәсіпорынның жоғары білікті мамандары  тұрақты тұтынушылардың талаптарына сай   өнім өндіріп  қоймай, әлеуетті  тапсырыс берушілердің де талаптарына сәйкес өнім өндіруге мүмкіндік жасайды.  Электрониканың, байланыс құралдарының, көлік  құрылысының, мұнай мен газ өнеркәсіптерінің  жылдам дамуын ескере отырып, біздің кәсіпорын берилийлі қоланың және оның бұйымдарының  әлемдік рыногына  өз өнімдерімен белсенді түрде  енуде.
Соңғы бір жарым жылда  бериллий өндірісі  бойынша технологияның үнемділігін жоғарылату және арзандатудың жаңа технологиясын  әзірлеп, енгізуге 4 млн. доллар  жұмсалған.

Бүгінгі күндері «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ  өндіретін бериллий лигатуралары сапалық жағынан  әлемдік  аналогтардан асып түседі.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ  бериллий өндірісі  әлемдік рынокта келесі өнімдерді ұсынады:

kn металды бериллий - құймалар;
kn алюмо-бериллий  лигатурасы,
kn мыс-бериллий лигатурасы;
kn никельбериллий  лигатурасы;
kn металды керамикалық  бериллий – бұйымдар мен дайындамалар.
   
kn «ҮМЗ» АҚ  бериллийдің  бағасын  көтеруде