"ҮЛБІ МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ЗАУЫТЫ" АҚ
Атом энергетикасы, электронды және металлургиялық өнеркәсіп және басқа да қызмет облыстарының қажеттіліктеріне арналған уран, бериллий, тантал мен ниобий өнімдерін өндіруші. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді. Болашаққа бізбен бірге!Ғылыми орталық
«ҮМЗ» АҚ «Ғылыми орталығы ҒО» (2017 жылға дейін – Орталық ғылыми-зерттеу зертханасы ОҒЗЗ) 1952 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы атом өнеркәсібі кәсіпорындарының ғылыми, техникалық, технологиялық міндеттерін, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешу үшін құрылған. Мақсаттары: Ғылыми орталық өз қызметін Қазақстанның дамуындағы атом өнеркәсібінің ғылыми-техникалық әлеуетін толыққанды пайдалану үшін «ҮМЗ» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ұзақ мерзімді келешекте стратегиялық дамытудың басымды бағыттарын басшылыққа ала отырып іске асырады. «ҮМЗ» АҚ Ғылыми орталығында заманауи материалдық-техникалық база және біліктілігі жоғары қызметкерлер бар. ҒО құрамына үш бейінді зертхана кіреді:
|
|