Зауыт тарихы
Негізгі оқиғалардың хронологиясы
1949 – Алғашқы өнім — торий оксалаты қоймаға өткізілді. Үлбі металлургиялық зауытының құрылу жылы.
1951 – 20 пайыздық балқытқыш қышқылын өндіру басталды.
1952 – Тантал өндірісі құрылды.
1954 – Уран өндірісі құрылды.
1956 – Бериллий өндірісі құрылды.
1972 – Арматура өндірісі, атом энергетикасы үшін ұштық және жинақтау бұйымдарының өндірісі құрылды.
1974 – Жоғары өткізгіш материалдар өндірісі құрылды.
1992 – Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары мен металды теңгелерінің өндірісі құрылды.
1997 - Үлбі металлургиялық зауыты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК құрамына енді.
1998 - Сапа менеджментінің жүйесі халықаралық ИСО-9002 стандартының талаптарына сәйкестікке сертификатталды.
1999 – Қаражал флюорит концентраттарының кен орнын игеру басталды.
2003 – Қоршаған орта менеджментінің жүйесі ИСО 14001 стандарты бойынша сертификатталды.
2003 - Сапа менеджментінің жүйесі ДИН ЕН ИСО 9001:2000 стандарт талаптарына сәйкестікке сертификатталды.
2005 – Ядролық құралды таратпау жөніндегі жобаның шегінде Үлбі металлургиялық зауытында жоғары байытылған уранды атом электр станцияларында отын ретінде пайдалану мақсатымен аз байытылғанғанға ауыстыру бойынша технология әзірленіп, енгізілді.
2006 – Курчатов қаласында флюорит кенінқайта өңдеу бойынша байыту фабрикасы пайдалануға қосылды.
2011 ж – Қазақстанда Тантал мен ниобийді зерттеу жөніндегі Халықаралық зерттеу орталығының Бас ассамблеясының (ТІС) 52-ші сессиясы өтті.
Уран өндірісінің тарихы
1952 – КСРО Министрлер кеңесімен «ҮМЗ»-да уран шикізатын қайта өңдеу бойынша өндірісті құру туралы шешім қабылданды.
1953 – Табиғи уран концентраттарын шала тотыққа – тотыққа дейін қайта өңдеу бойынша цехтардың кешені пайдалануға берілді.
1954 – Уран концентраттарының өнеркәсіптік қайта өңдеуі басталды – уранның шала тотығы тотығының шығуы.
1958-63 – Уран өндірісі цехтарының қайта құрылуы жүргізілді, табиғи және қайталама шикізаттан уран тетрафторидының шығуы .
1967 – Көліктік реакторларға арналған уран-бериллий композициясы негізінде жылу өндіретін элементтерінің отын біліктерінің өндірісі құрылды.
1973 – Гексафторид ураннан төмен байытылған (U235 бойынша 1.6 - 4,4%) керамикалық сұрыптағы ядролық таза уран диоксидының өндірісі меңгерілді.
1978 – Үлбі металлургиялық зауытында алғашқы рет КСРО-да ВВЭР 1000 жаңа буындағы реакторларға арналған уран гексафторидынан отын таблеткаларының сериялы түрде шығуы басталды.
1981 – Қайта қалпына келтірілген шикізаттан (уранилдың нитрат генсагидрат қоспасы) РБМК-1000 түрлес реакторлар үшін ұнтақтардың және отын таблеткаларының өндірісі меңгерілді.
1994– ВВЭР 1000 реакторларына арналған жанып кететін сорғыштың қоспаларымен гадалоний оксиді түріндегі отын таблеткаларын жасау өндірісінің технологиясы жасалып енгізілген.
1995 – МАГАТЭ қағидалары бойынша уранның бірінші түгендеуі жүргізілді. МАГАТЭ кепілдемелерінің тәртібі әрекет ете бастады.
1997 – Уран диоксиды ұнтақтарын алу үшін уран гексафторидының плазмалық конверсиясынң үдерісі меңгерілді.
1998 – Алғашқы рет Қазақстанда уран өндірісіндегі сапаны басқару жүйесінің ИСО-9002 халықаралық стандартына сәйкестігі сертификатталды.
– Уран гексафторидын қайта конденсациялау және гомогендеу бойынша учаске құрылып пайдалануға берілді.
1999 – Қазақстандық кен орындарының химиялық концентраттан табиғи уранның шала тотығы – тотығының өндірісі меңгерілген.
2000 – РБМК 1000 реакторларына арналған жанып кететін сорғыштың қоспаларымен эрбий оксиді түріндегі отын таблеткаларының өндірісі меңгерілді.
2001 – Қайта қалпына келтірілген шикізаттан ВВЭР түрлес реакторлар үшін отын таблеткаларының өндірісі меңгерілді.
2001 – Керамикалық сұрыптағы және ядролық таза уран диоксидын алумен уран-гадолиний күлін және қалдығын қайта өңдеу технологиясы өндіріліп меңгерілді.
2003 – Тікелей фторлауға арналған ТУХК –дан уранның шала тотығы-тотығын жасау технологиясы енгізілді.
2004 – Жоғары байытылған уранмен ЖӨЭ отынын қайта өңдеу бойынша учаске пайдалануға берілді.
2010 – Уран өндірісі уран гексафторидынан алынған уран диоксиды ұнтағының жеткізушісі ретінде NFI жапондық компания үшін сертификатталған.
– AREVA NP Франция компаниясымен және СJNF Қытай компаниясымен отын жиынтықтарына арналған таблеткалар өндірісі сертификатталды.
2012 – Уран өндірісі уран диоксиды ұнтағының жеткізушісі ретінде Westinghouse (Швеция) компаниясы үшін сертификатталды.
Бериллий өндірісінің тарихы
1950 – Металлургиялық өнеркәсіп министрлігінде бериллий гидроксидінің өнеркәсіптік өндірісіне жобалық тапсырма бекітілді.
1951 – Бериллий гедроксидын алу және бериллий оксидын өндіру жөніндегі тәжірибелік пайданылмалы цехтың бөлімшесі пайдалануға берілді.
1952 – Бериллий гедроксиды мен оксидының алғашқы үлгілері алынды.
1955 –Металлдық балқыш бериллий өндірісінің құрылысы басталды.
1956 – Берилийдің таза тотығы өндірісінің цехы пайдалануға өткізілді.
1958 – 6 цех (керамика өндірісі) ішінара пайдалануға берілді.
1961 – Металлдық бериллий өндірісі бойынша цехтың құрылысы аяқталды.
1963 – Металлдық бериллийден жасалған бұйымдардың өндірісі бойынша учаске құрылды.
1966 – Ұнтақталған металлургия тәсілімен алғашқы металл алынды.
1971 – Ұнтақтарды жасау жөніндегі цех пайдалануға берілді. (корп. 662)
1973 – Бериллийді қысыммен өңдеу цехы пайдалануға берілді. (корп. 602)
1990 – Бериллий өндірісін толықтай консервациялау бойынша жұмыстар басталды.
2000 – Металлдық бериллий өндірісі қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді.
Бериллий өндірісінің сапа жүйесі ИСО-9002 стандарттар бойынша сертификатталған.
2001 – Бериллийдің техникалық гидроксидын алу бойынша гидрометаллургиялық өндіріс қалпына келтірілді. Бериллий қоласының өндірісі құрылды.
2002 – Ресейлік тұтынушыларды бериллий өнімімен үзіліссіз және жедел түрде қамтамасссыз ету мақсатында «БериллиУМ» ААҚ еншілес кәсіпорыны Москва қ. құрылды.
2004 – Қытай және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің нарықтарында бериллий өнімін сату мақсатында Ulba-China Co., Ltd. еншілес кәсіпорын, Шанхай қ. құрылды.
2007 – Бериллий қоласынан жазық прокаттың өндірісі бойынша Yingtan Ulba Shine Metal Materials Co., Ltd қытайлық қазақстандық кәсіпорын құрылды.
2011-12 – Нейтрон көздерінің бериллий шағылдырғышын жеткізу бойынша жобалар келесі тапсырыстар бойынша іске асты:
– «Государственный Научный Центр РФ Научно-исследовательский Институт Атомных Реакторов» ФМБК (РФ);
– «Мария» реакторы үшін POLATOM (Польша);
– Жапония атом қуаты жөніндегі агенттік (JAEA);
– Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Ядролық физика институты, реактор ВВР-СМ;
– Харьков физикалық техникалық институты, Украина;
– Томск қаласының Политехникалық университеті, зерттеу реакторы ИРТ-Т (РФ).
2012 – Толлинг негізіндегі Materion Corp. (АҚШ) өндірісінің бериллий гидроксидын қайта өңдеуге келісімшарт жасалды.
Тантал өндірісінің тарихы
1950 – Металлургиялық өнеркәсіп министрлігінің бұйрығымен металлды тантал және одан жасалған бұйымдардың өндірісін ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
1951 – Алғашқы өнім калий фтортанталат шығарылды.
1952 – Калий ниобатын балқыту өндірісі меңгерілді.
1959 – Натрий термиялық тәсілмен тантал ұнтақтарының өндірісі бойынша жұмыстар басталды.
1960 – ФТК-дан натриймен қайта қалпына келтірілген тантал ұнтағын шығаруы басталды.
Тантал мен ниобийды шығарудың және бөлудің экстрациялық технологиясын меңгеру басталды.
1961 – Танталды шығарудың экстракциялық технологиясы енгізілді.
– Вакуумдық доғалы балқыту тәсілімен құймаларды қорту технологиясын меңгеру басталды.
– Металды танталдан алғашқы штабиктер алынды. Карталық прокаттың шығарылымы меңгерілді.
– Электролит конденсаторларының өндірісі үшін тантал конденсаторлық ұнтақтарынның шығарылымы басталды.
1964 – Жоғары тазалықтағы алғашқы тантал құймалары электрондық сәулемен балқыту тәсілімен балқытылды, олардан прокаттың тәжірибелі топтамалары алынды.
1965 – Тантал сымының өндірісі басталды
1966 – Конденсаторлық ұнтақтардың сутексіздендіру қондырғысы пайдалануға берілді.
1967 – Жұқалтыр өндірісінің учаскесі құрылды және конденсаторларға арналған тантал жұқалтыр өндіріснің технологиясын меңгеру басталды.
1980 – Танталды қалпына келтірудің зертханалық қондырғысы (ЛУВ-1), ал 1982 жылы жоғары вольтты конденсаторларға арналған ұнтақтарды өндіру бойынша Д-150 тәжірибелі өндірістік қондырғысы құрылды.
1997 – Ниобий су тотығы, ниобий бесінші тотығы және феррониобий өндірісі құрылды.
2000 – Өнімнің екі түрі: төмен кремнийлы феррониобий және сынық түрдегі конденсаторлық ұнтақтар «Астана-Экспо-2000» Республикалық көрмеде «Алтын белгіні» табыстаумен «21 ғасырдың тауары» ретінде танылды.
2001 – Тантал өндірісінің сапа жүйесі ИСО-9002 халықаралық стандарты бойынша сертификатталған.
2001 – 32 000 мкКл/г астам салыстырмалы сыйымдылығымен конденсаторлық ұнтақтың алғашқы зертханалық үлгілері алынды.
2002 – Металлургия мен электрониканың қажеттілігіне ниобийден және оның негізіндегі құймалардан өнімнің өнеркәсіптік шығарылымы басталды.
2002 – Өнімнің жаңа түрлері меңгерілді: иттриймен қосындыланған тантал, және ТаW тантал, NbZr, NbTi ниобий қоспалары.
2003 – Өндіріс экология саласында ISO 14001:1996 халықаралық стандартқа сертификат алды.
2003 – Сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2000 Халықаралық стандартының талаптарына сертификаттау
2003 – 250 мм диаметрмен және құрамында 99,97% танталдың шоғырлануымен құймалардың шығарылымы ұйымдастырылды.
2008 – Ниобий-алюминий лигатураларының өндірісі ұйымдастырылды. 2011 – Ниобийдың меншікті құймаларының өндірісі басталды, ол шикізатты өңдеуден бастап ниобийдан жасалған дайын бұйымдарды жасауға дейінгі өндірістік айналымды тұйықтады.
2011 – Қазақстанда Тантал мен ниобийді зерттеу жөніндегі Халықаралық зерттеу орталығының Бас ассамблеясының (ТІС) 52-ші сессиясы өтті. Форум қатысушылары TIC Төрағасының басшылығымен «ҮМЗ» АҚ тантал өндірісіне келді, онда шикізатты өңдеуден бастап дайын бұйымдарды жасауға дейінгі өндірістік айналым толықтай көрсетілді.
2011 – Қақтығысты Африка шикізатын пайдаланбауды және компанияның белсенді әлеуметтік жауапкершілік ұстанымын растау мақсатында өндірісте аудит өткізілді. Электрондық Өнеркәсіптің Азаматтық Коалициясынан (EICC) «қақтығыссыз өңдеуші» сертификаты алынды. Сертификаттың болуы өндіріс өнімін тұтынушылардың талабы болып табылады. 2012 жылы сертификат қайта расталды.
Фтор сутекті (балқытқыш) қышқыл өндірісінің тарихы
"Гипроалюминий" институтымен балқытқыш қышқылды өндіру бойынша цехтың жобалауы басталды.
1951 – Дайын өнім берілді: 20%- балқытқыш қышқыл.
1952 – Цех уран өндірісінің қажеттілігіне қарай 40%- балқытқыш қышқылдың шығарылымына ауыстырылды
1960-63 – Электр қуатымен жылыту пештеріне ауысуы жүзеге асырылды.
1972-74 – Оның бірінші 30А жаңа корпусы іске қосылды.
1999 – «Қаражал» балқытқыш шпаттың кен орынын (ШҚО) тәжірибелі өңдеуге лицензия алынды. Балқытқыш қышқыл өндірісін шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді.
2000 – Тәжірибелі қорғасын зауытында балқытқыш қышқылды қайта өңдеу бойынша кешен пайдалануға өткізілді.
2001 – Өндірістің қатты қалдықтарын жою мәселесі шешілді.
2003 – Фтор сутекті қышқыл өндірісі «Қаражал» кен орынынан алынған қазақстандық флюоритке ауысты.
Машина жасау тарихы ( «Машзауыт» ЖШС)
1972 – Орташа машина жасау министрлігінің шешімімен Үлбі металлургиялық зауытында атом энергетикасы үшін арматураның, шеттік және құрамдас бұйымдарынның өндірісі құрылды.
1976 – АЭС үшін құрамдас бұйымдардың өндірісі жеке бөлімше болып құрылды.
1986 – Конверсиялау шеңберінде халық тұтынуы тауарларының өндірісі құрылды.
1991 – Цех «ҮМЗ» АҚ құрамындағы Машина жасайтын зауытқа қайта құрылды.
1996 – Машина жасайтын зауыт «Машзауыт» ЖШС қайта құрылды