Тантал қосылған өнім
-
Тантал құймакесектері
-
Тегіс тантал илемі
-
Танталдан жасалған қоспалауыштар
-
Дөңгелек тантал илемі
-
Конденсаторлы тантал ұнтақтары
-
Танталдан жасалған бұйымдар
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ тантал өндірісі ТМД аумағында жеке және әлемде тантал қосылған шикізатты қайта өңдеуден дайын өнім алуға дейін толық өндірістік циклі бар аса ірі кәсіпорындардың қатарына жатады.
«ҮМЗ» АҚ тантал өндірісі тантал-ниобий шикізатының, оның ішінде күрделі өңделетін қандай да болса түрін қайта өңдейтін, белгілі сапа параметрмен өндірілетін өнімнің қолайлы технологиясымен ерекшеленеді.
«ҮМЗ» АҚ жоғары білікті инженерлік-техникалық және ғылыми-зерттеу персоналы, тантал өндірісі бойынша 60-жылдық жұмыс тәжірибесі тапсырыс берушінің талаптарына сай жоғары сапалы өнім шығару мүмкіндігін береді.
Өндірісте қолданылатын технология тазалығы 99,92 пайыздық тантал өндіруге кепілдік береді. Тұтынушыға өнім белгілі мерзімде келіскен ерекшелік бойынша жеткізіледі.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ тантал өндірісі әлемдік нарыққа келесі өнімдерді шығарады:
Тантал өнімдері:
- Екі және үш дүркін электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген, тазалығы 3N2, 3N5, 3N7, 4N және 4N5 тантал, металдары
- Вакуумдық-доғалық қайта балқыту әдісімен өндірілген, тазалығы 4N5 тантал құймакесектері
- Танталдан жасалған қоспалауыштар;
- Жазық тантал илемі (пластиналар, табақтар, лента, фольга);
- Дөңгелек тантал илемі (шыбықтар, сым)
- Конденсаторлық тантал ұнтақтары;
- Тантал өнімдері (түпқоймалар, қақпақтар, құбыр дайындамалары, ыстық аймақ элементтері, отбақырлар, дискілер және т.б.)
Ниобий өнімдері
- Ниобий құймкесектері
- Ниобийден жасалған қоспалауыштар;
- Жазық ниобий илемі (пластиналар, табақтар, лента, фольга);
- Дөңгелек ниобий илемі (шыбықтар, сым)
- Ниобий ұнтақтары;
- Ниобий өнімдері (түпқоймалар, қақпақтар, құбыр дайындамалары, ыстық аймақ элементтері, отбақырлар, дискілер және т.б.)
Құрамында фтор бар өнімдер
- Фторсутекті (балқытқыш) қышқыл