«ҮМЗ» АҚ әлеуметтік менеджмент жүйесі SA 8000:2001: Әлеуметтік жауапкершілік стандартының талаптарына сәйкес деп танылды.
Әлеуметтік құрам
Әлеуметтік жауапты бизнестің саясаты – Үлбі металлургиялық зауыты үшін маңызды сұрақ. Әлеуметтік инвестицияларды іске асыру – бизнеске зиянды жұмыс істеу емес. Кәсіпорында мынау жақсы танылған: күшті және табысты компания құрудың негізгі тәсілі – ақша қаражатын адамдарға салу. Сондықтан, Үлбі металлургиясы өз жұмысшыларына бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды дамытып, әзірлейді. «ҮМЗ» АҚ өз өндірісін дамыта отырып, жұмысшыларының , сонымен қатар аймақтың барлық тұрғындарының тіршілік деңгейін көтеруге нақтылы салым енгізеді. Мықты әлеуметтік саясат «ҮМЗ» АҚ фирмалық маркасын өнімнің жоғары сапалылығының кепілдігі, оның сенімділігі мен беріктілігінің белгісі ретінде танылуына ықпал жасап, көмектеседі.
«ҮМЗ» АҚ әлеуметтік саласының дамуы – бұл тек дәстүрдің жалғасы ғана емес, бұл - объективтік қажеттік.
Бейбітшілік аумағы
Әлемді балалар сияқты жарқын және тамаша түрде көргіңіз келе ме? Түсті және жарқын түрлерге айналаның барлығын – тіпті өнеркәсіп кәсіпорындарының сұр түсті қоршауларына дейін бояуға болады.
Кәсіпорындағы спорт
Зауыттықтар спортпен кәсіпорын құрылғаннан бері таныс. Үлбі металлургиялық зауыты – қазақстандық хоккейдің отаны. Кәсіпорын көптеген өзінің спортты дамыту жобаларын іске асыруда – Е. П. Славскийдің естелігіне арналған жалпы қалалық жеңіл атлетикалық жүгіріс және Бас директордың жүлделеріне шахматтық турнир, металлургтердің спорттық ойындары және мұз астындағы балық аулау бойынша зауыттық жарыстар, теннис бойынша қалалық біріншілік және «ҮМЗ» АҚ басшыларының спартакиадасы. Кәсіпорын спортсмендері бірнеше рет армрестлинг, спорттық бағыттау, мұз асты балық аулау, волейбол бойынша облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды.
Жыл сайын «ҮМЗ» АҚ 900 астам адамның қатысуымен спорттың 10 түрі бойынша Спартакиадалар өткізіледі. «ҮМЗ» АҚ командалық жиыны 6 жыл бойы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК Спартакиадасының жалпы командалық зачеті бойынша бірінші орындарға ие болуда.
Ұжымдық шарт
«ҮМЗ» АҚ ұжымдық шартына сәйкес, әлеуметтік көмектің түрі әрқилы.
Олардың ішінде:
- бір жарым жасқа дейінгі нәрестені тәрбиелеуге байланысты төлемақысыз үйде демалыста отырған әйелдерге ай сайынғы материалдық көмек;
- ақысыз бөлек санаттағы қызметкерлердің тістерін протездеу;
- «Матросово» ЖШС балаларды сауықтыру лагеріне жеңілдік жолдамалар;
- «Ульбиночка» БСМ балалардың демалуына жеңілдік төлем төлеу;
- «Сібе» және «Борок» демалыс базаларына жеңілдік жолдамалар;
- «Сібе» және «Борок» демалыс базаларына чернобілдіктерге, мүгедектерге, ауғандық жауынгерлерге және мүгедек балаларға ақысыз жолдамалар;
- еңбек ардагерлеріне зейнеткерлік демалысқа шыққанда бір жолғы материалдық көмек және басқа да әлеуметтік көмектер.
- Корпоративтік мәдениетті дамыту
- «ҮМЗ» АҚ әлеуметтік саясатын корпоративтік мәдениетті дамытудан, кәсіпорын қызметкерлеріне зауытқа деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуден бөлек қарастыруға болмайды. Бұл мақсат әртүрлі әдістермен іске асырылады:
«ҮМЗ» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының шегінде әлеуметтік бағытталған шараларды жүргізу («Металлургтер Күні», «Зауыт Күні», «Металлургтардың спорт ойындары», «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК Спартакиадасы, «Е.П.Славский атындағы жеңіл атлетикалық жүгіріс», «Бейбітшілік аумағы» және т.б.);
Жастар бірлестігінің қызметін дамыту;
Кәсіпорынның фирмалық стилін алға бастыру.
- Демеушілік көмек
- «ҮМЗ» АҚ демеушілік көмегі қоғамның аса аз қорғалған тұрғындарын-ата-аналары жоқ балалардың, мүгедек балалардың, мүгедек әйелдердің тіршілігін көтеруге бағытталған. ҮМЗ үнемі көмек алатындар:
Өскемен қ. балалар Үйі;
Өскемен қ. мектепке дейінгі балалар үйі
«Сәулетай» балалар қоры;
Қарауында кәмелет жасқа толмаған балалары бар мүгедек әйелдердің «Алтын Ай» қоғамдық бірлестігі және «Бибі Ана» мүгедек әйелдер қоғамының ШҚ филиалы.