Тантал зертханасы ғылыми–зерттеу жұмыстарын жүргізудің, жаңа технологиялық процестерді әзірлеу мен сүйемелдеудің практикалық тәжірибесі бар, мына бағыттар бойынша:
- берілген қасиеттері бар өнеркәсіптік өнімдерді алғанға дейін тантал-ниобийлі материалдарды өңдеудің әмбебап және оңтайлы жолдарын анықтау бойынша зерттеулер;
- танталдан, ниобийден және олардың қорытпаларынан өнімдердің перспективалық түрлерін өндіру технологиясын оңтайландыру және қасиеттерін қалыптастыру бойынша зерттеулер, тұтынушылардың нақты сұраныстарына орай кең көлемді шектерде танталдың конденсаторлық натриетермикалық ұнтақтарының қасиеттерін қалыптастыру және өндіру технологияларын әзірлеу бойынша зерттеулер.
Тантал зертханасы макро - және микроқұрылымдарға, өнімнің механикалық қасиеттеріне (таспалар, жұқалтыр, шыбықтар, сым, нысаналар) талдау жүргізу үшін, әлемдік нарық талаптарына сәйкес конденсаторлық ұнтақтардың параметрлеріне диагностика жүргізу және мониторинг жүргізу үшін қажетті зерттеу базасына ие. |
|
ФРОЛОВА ЛАРИСА МИХАЙЛОВНА
Тантал зертханасы |
Подробнее... |
Контактная информация:
Республика Казахстан,
г. Усть-Каменогорск,
пр. Абая, 102
|
|