Тантал зертханасы
Тантал зертханасының бастығы - Фролова Л.М.
Фролова Лариса Михайловна Мәскеу Болат және Қорытпалар институтын «Түсті металдар металлургиясы» мамандығы бойынша үздік бітіргеннен кейін 1982 жылы Үлбі металлургиялық зауытында өзінің еңбек жолын алдымен зертханашы, содан кейін инженер-зерттеуші және 2002 жылдан бастап ОҒЗЗ тантал зертханасының ұнтақты металлургия тобының жетекші инженері болып бастады.
2005 жылдан бастап ОҒЗЗ тантал зертханасының Ұнтақты металлургия тобының жетекшісі қызметін атқарады. 2012 жылы ОҒЗЗ тантал зертханасының бастығы болып тағайындалды.
Фролова Лариса Михайловна 9 өнертабыстың тең авторы, ҒЗЖ туралы мақалалар мен есептер түрінде 10-нан астам жарияланымның авторы, салалық, бүкілодақтық, республикалық және халықаралық ғылыми-техникалық конференциялар мен семинарлардың қатысушысы. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының «2010 жылғы Үздік өнертапқыш әйел» номинациясы бойынша медалімен және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ-ның құрылғанына 10 жыл» мерейтойлық белгісімен және т.б. наградалармен марапатталды.