Бериллий зертханасы
Бериллий зертханасының бастығы – Ударцев С.В.
Ударцев Сергей Вячеславович 1999 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Физикалық аспаптар және интроскопия әдістері» мамандығы бойынша үздік бітірді.
1999 жылдан 2011 жылға дейін университетті бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Атом энергиясы институтында (ҚР ҰЯО АЭИ) «Реакторлық эксперименттер кезіндегі арнайы өлшеу құралдары» зертханасында жұмыс істеді.
Инженер-зерттеушіден зертхана тобының бастығына дейін жол жүріп өтті. Негізгі қызметі ұйым, сондай-ақ институт тақырыбы бойынша ғылыми есептер жазумен тәжірибелік жұмыстарға тікелей қатысу болып табылады. ҚР ҰЯО және АЭИ ұйымдастырған ғылыми конкурстардың бірнеше мәрте жүлдегері болды. Баспа басылымдарындағы ғылыми мақалалардың авторы және тең авторы.
Үлбі металлургиялық зауытында еңбек жолын 2011 жылы ОҒЗЗ бериллий зертханасында бастады. Өзінің еңбек қызметі уақытында инженерден ОҒЗЗ бериллий зертхананың бастығына дейінгі жолды өтті.