ҮМЗ ең үздік жас электромонтері анықталды
Бәсекелестік пен жеңіске деген талпыныс атмосферасында 24 қазанда Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің (Ө КТК) қабырғасында зауыттың 75 жылдығына орай ұйымдастырылған «ҮМЗ» АҚ Үздік жас электромонтері» байқауы өтті. Әр түрлі бөлімшелерден келген 11 жас қызметкер өздерінің кәсіби шеберліктерінің барлық қырларын көрсете отырып, интеллектуалды және практикалық жарыста күш сынасты. Байқауды өткізу үшін комиссия құрылды, оның құрамына зауыт өкілдері мен колледждің инженерлік-педагогикалық мамандары кірді. Үлбіліктер мен оқытушылар бірлесіп тапсырмалар әзірлеп, қатысушылардың практикалық және теориялық дағдыларын көрсету үшін алаң дайындады
2017 жылдан бастап жалпы зауыттық байқаулар қажетті материалдық-техникалық жарақтандыруы бар зауыттың әлеуметтік серіктесі Ө КТК базасында өтуде. Бұл амал колледж оқушылары арасында жұмысшы мамандықтарын танымал етуге ықпал етеді және әр жұмыскердің кәсіби шеберлігінің құндылығын көрсетеді.
Байқау екі кезеңде өткізілді. Біріншісінде сайыскерлер электронды тестілеу форматында 60 теориялық сұраққа жауап берді. Екінші, практикалық кезеңде электр монтаждау шеберханасында қызметкерлер «Екі нүктеден басқарылатын электр қозғалтқышын қосу және айналу бағытын өзгерту» күрделі электр схемасын жинады.
– Бұл білім мен дағдыларды растауға нағыз емтихан болды! – деп өз ойымен зауыттың бас энергетигі және байқау комиссиясының төрағасы Максим Зайцев бөлісті. – Қатысушылар дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті, алайда тапсырмалар оңай болған жоқ. Соңғысы теорияға да, практикаға да қатысты. Жалпы, жыл сайын біз жас үлбіліктердің кәсібилік деңгейі үнемі артып отыруы үшін міндеттерді өзгертеміз! Әр турдың қорытындысы бойынша комиссия мүшелері баға қойып, олардың жиыны бойынша жеңімпаздар анықталды. Бірінші орынды Сергей Токарев, екінші – Олег Борисов (екеуі де БӨ-ден), үшінші орынды Евгений Пелих (ТӨ) алды. Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен марапатталып, ақшалай сыйлықақы төленді!
– Менің үлкен тәжірибеме қарамастан, жеңіс күтпеген жағдай болды! Мен қатты дайындалғаныммен, теориялық және практикалық тапсырмалардың күрделілігі әсерлі болды. Жалпы алғанда, мен бәрін дұрыс жасадым, бірақ жерге тұйықталумен біраз қобалжу болды. Бұл сәт маған үлкен сабақ болады. Мүмкіндік болса, келесі байқауларға міндетті түрде қатысамын, – дейді Сергей Токарев.
Іс-шара соңында ҮМЗ өкілдері колледждің педагогикалық құрамына көпжылдық жемісті ынтымақтастықты атап өтіп, ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, директор мен оқытушыларға алғыс хаттар табыс етті.
– Мұндай байқаулар тек сайыс емес, жұмыскерлерді дамытудың маңызды құралы болып табылады, - деп түсіндіреді қызметкерлерменқамтамасыз ету бөлімінің бастығы Алия Шеримова. - Зауыт пен колледжді ұзақ мерзімді әріптестік қатынастар біріктіреді, бірақ 2013 жылдан бастап ҮМЗ-де сұранысқа ие мамандықтар бойынша дуалды оқыту бағдарламасы бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыру бөлігінде барынша жемісті ынтымақтастық қалыптасты.
Дуалды оқыту – оқытудың теориялық бөлігі білім беру ұйымының базасында, ал практикалық бөлігі жұмыс орнында өтетін оқыту түрі.
Ынтымақтастық шеңберінде студенттер тұрақты негізде Көрме-ақпараттық орталыққа барады, онда зауыттың тарихымен және өнімдерімен танысады, бөлімшелерде тәжірибеден өтеді. ҮМЗ қызметкерлері біліктілік пен мамандық тағайындауға қорытынды аттестаттау комиссияларына қатысады, оқытушылар ретінде тартылады, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын әзірлейді. Сонымен қатар, зауыт персоналы бойынша мамандар колледж оқытушыларымен бірлесіп қала мектептерінде кәсіптік бағдар беру қызметін жүргізеді. ҮМЗ Ө КТК өкілдеріне, комиссия мүшелеріне және байқауға қатысушыларға іс-шараны жаңа жоғары деңгейде дайындауға және ұйымдастыруға белсенді қатысқаны, нәтижелерге қызығушылық танытқаны және жеңіске деген ерік-жігері үшін алғыс білдіреді.
Сауле Аманова
Жаңарту күні: 08.01.2025