Абай шабыттандырған дауыстар
22.08.2025
Астанада «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Сөзі алтын һәкім Абай» байқауын өткізді. Байқауға ҮМЗ атынан Данил Степанов пен Сержан Әділбеков қатысты.
Қатысушылар екі номинация бойынша бағаланды – Абай шығармаларын мәнерлеп оқу және әндерін жанды орындау.
БӘТМБ маманы Данил Степанов Абайдың 4 және 37 «Қара сөздерін-ің» үзінділерін және «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа оқыды. Ал ҒО тантал зертханасының инженер-зерттеушісі Сержан Әділбеков Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады.
Ұлы ақын өмір сүрген, және туындыларын шығарған жер – Абай ауданына үш күндік сапар, финалдық байқаудың барлық қатысушылары үшін, тамаша сыйлық болды.