Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

Қауіпсіздікке сандық қадамы

29.04.2026

Үлбі металлургиялық зауытында «Өндірістік қауіпсіздікті басқару» ӨК «Электрондық рұқсат-наряд» модулі енгізілді.

Қауіптілігі жоғары жұмыстарға рұқсат-нарядтарды ресімдеу қағаз және сандық форматта жүргізіледі. Барлық құжаттар жүйеде тіркеледі және сақталады. Шешім бірыңғай база құруға, ресімдеу уақытын қысқартуға, қателіктер тәуекелін азайтуға және талдау мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Интерфейс құжаттың әдеттегі нысанын қайталайды, бұл персоналдың бейімделу уақытын азайтуға мүмкіндік берді.

Цифрландыру қауіптілігі жоғары жұмыстарды бақылаудың ашықтығын арттырады, қатысушылар арасында деректер алмасуды жеделдетеді және еңбек қауіпсіздігі деңгейін арттыруға ықпал етеді.