Жаңалықтар
Лайықты марапат
Үлбі металлургиялық зауыты «Ең үздік еңбек қорғау қызметі» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасының жұмыс берушілері арасындағы «Сенім -2016» жыл сайынғы сайыстың жеңімпазы болды. Марапаттау салтанаты 28 сәуір күні – Халықаралық еңбек қорғау күніне орай Астана қаласында өтті.
Қызметкерлердің денсаулығы мен өмір қорғау мемлекет пен жұмыс беруші үшін ең маңызды тапсырмалардың бірі болып қалмақ. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін жұмыс орындарында адамның денсаулығы мен қауіпсіздігін сақталуына неғұрлым көп назар аудару мақсатында көптеген іс – шаралар жүргізіледі.
Бұл мәселе Қазақстандық халықаралық конференциясы мен еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі көрмесі - «KIOSH-2016» концепция негізіне жатады.
Осы жоба шеңберінде ұйымдастырушылар жыл сайын жұмыс берушілер арасында еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша - «Сенім» байқауын өткізеді. Осы жылдың қорытындысы бойынша Үлбі металлургиялық зауыты «Ең үздік еңбек қорғау қызметі» номинациясы бойынша жеңіске жетті. Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі директор Сергей Сидоров дипломды ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетовтың қолынан алды.
Осындай республикалық байқаудан жеңіп шығу оғай шаруа емес. Алайда Үлбі металлургиялық зауытының өндірістік қауіпсіздік жөніндегі директор қызметі (ӨҚжДҚ) өз күшін дәлелдеді. Қызметтің құрылғанынан бастап көптеген жұмыстар атқарылды. Олардың ішінде еңбек пен жұмыс қауіпсіздігінің, негізгі өндіріс цехтарындағы еңбек жағдайларды жақсартуға, кәсіптік ауруларды алдын – алуға қатысты стандарттарының жүйесін енгізу, сонымен қатар «Еңбек қорғау мен еңбек жағдайларын жақсартуға және санитарлық – сауықтыру іс – шаралар жоспарын» жыл сайын дайындау. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін осы жылы 188 миллион теңгені бөлуді жоспарлаған.
Әр түрлі бағыттағы ӨҚжДҚ жұмысымен әрқайсымыз күнделікті кездесеміз – олар қауіпсіздік және еңбек қорғау, қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік. Осындай ауқымды механизм жұмысының нәтижесі республикалық деңгейдегі байқауда жоғары бағасы мен бірінші орынға ие болып - «Сенім – 2016» байқауының жеңімпазы болды.
«ҮМЗ-ақпарат» № 10-11- 20.05.2016 ж.
|