БАСПАСӨЗ-БАЯНЫ


«ҮМЗ» АҚ қызметкерлері кәсіби мерекені атап өтті

Өскемен қ. 28.09.2016 ж.

28 қыркүйек күні «ҮМЗ» АҚ ұжымы Атом саласындағы қызметкерлер күнін атап өтті.
Өткен ғасырдың 40-жылдары салынған Үлбі металлургиялық зауыты бұрынғы Кеңес Одағының атомды игеру дәуіріне қатысқан алғашқы кәсіпорындарының бірі. Үлбілік аға буынның ерен еңбегі мен құлшынысы арқасында бірегей өндірістер құрылған, батыл идеялар іске асты.
Қазір зауыттың негізін қалаушылардың ісін зауыттың жас буын өкілдері   жалғастыруда, олардың алдында жауапкершілігі кем емес мәселелер бар. Соның ішінде «ҮМЗ» АҚ үшін де, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ үшін де стратегиялық маңызды екі жобаны іске асыру – реакторға дейінгі ядролық отын циклінің екі жаңа өндірісін құру  тұр. Бұл жылу бөлетін құрамалар шығару бойынша зауыт және аффинажды өндіріс.
Жылу бөлетін құрамаларды (ЖБҚ) шығару бойынша жобаны жүзеге асыру CGNPC қытай компаниясымен біріге жүргізілуде. Нәтижесінде, «ҮМЗ» АҚ-ында ядролық реакторда жұмыс жасауға арналған жоғары дәлдіктегі және аса сенімді құрылысты дайындауға мүмкіндік беретін, уран отынының қуаты жылына 200 тонна болатын, толығымен автоматтандырылған замануи өндіріс құрылатын болады деп болжанылған.
Аффинажды жобаға келер болсақ, оның мақсаты — табиғи уранды канадалық технологиямен өңдеу бойынша экологиялық таза өндіріс құру.
Бұл жобалар АЭС үшін отынды дайындаудың толық циклімен тікелей интеграциялық компания құруға бағытталған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ стратегиясында  басым болып табылады. Оларды жүзеге асыру өндіріс желісін кеңейтуге және әлем нарығында жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік береді.
«ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы Юрий Шахворостов қызметкерлерді және ардагерлерді кәсіби мерекемен құттықтай келе, келесіні атап өтті:
– Кәсібіне берілгендік, өз ісіне қызығушылық және алған білім мен  тәжірибені сақтауға деген жауапты қатынас, оларды бір ұрпақтан келесі ұрпаққа ықыласпен тапсыру болашағы бар жаңа жобаларды іске асыру үшін іргетас болып табылады.
Көпжылдық жемісті еңбегі және атом саласы дамуына елеулі үлес қосқандығы үшін Атом саласындағы қызметкерлер күні — кәсіби мерекемен байланысты ҮМЗ-ының бес қызметкері «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ының Құрмет грамоталарымен марапатталынды. Тағы да бес зауыттық «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ынан Алғыс хат алды.
Адал және өнімді еңбегі үшін «ҮМЗ» АҚ қызметкерлерін еңбек жетістіктері үшін Марапаттау кодексіне сәйкес 10 адам «ҮМЗ» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталды, 150-ден астам адамға алғыс жарияланды.
Кәсіби мерекеге байланысты Е.П.Славскийдің мүсін-ескерткішінде кәсіпорын жұмыскерлері мен ардагерлерінің митингісі болды. Дәстүр бойынша зауыттықтар аты аңызға айналған Орта машина жасау министрі ескерткіші тұғырына табиғи гүлдерді қойды. 

 

  • «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ  – әлемдегі ең танымал  атом энергетикасы, электронды және металлургиялық өнеркәсіп және басқа да қызмет облыстарының қажеттіліктеріне арналған уран, бериллий, тантал мен ниобий өнімдерін өндіруші. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді.
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран мен оның қоспаларының, сирек металдардың, атом электр станцияларына арналған ядролық отындардың, арнайы құрал-жабдықтың, технологиялардың  және қос арналымдағы материалдардың  экспорты  бойынша ұлттық оператор. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, уран өндіру; ядролық отын циклі өнімдері өндірісі; реактор құрылысы, атом электростанцияларының құрылысы; конструктивті материалдар өндірісі; энергетика;  ғылым;  әлеуметтік қамсыздандыру және кадрлар даярлау. «Қазатомөнеркәсіп» Қазақстан Республикасында жаңғыртылатын энергетиканы дамыту бағдарламасының белсенді қатысушысы болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 27 000-нан астам адам жұмыс істейді. «Қазатомөнеркәсіп»  әлемнің жетекші уранөндіруші компанияларының қатарына кіреді.

 

«ҮМЗ» АҚ Баспасөз қызметі