Жаңалықтар


Рух көтерер мереке

29 қазан күні Үлбі металлургиялық зауыты өзінің 67 –ші туған күнін атап өтті.

Зауыттың туған күні қарсаңында 28 қазан күні дәстүр бойынша Ефим Славский мен Владимир Потаниннің ескерткіштеріне және Виталий Коновалов, Василий Ефименко және Виталий Меттенің мемориалдық тақтайшаларына гүл шоқтары қойылды.
Зауыттық радиодан шырқалған туған кәсіпорын туралы әндер мен «ҮМЗ – ақпарат» газетіндегі мерекелік шағарылымдар – үлбіліктерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ал кешке үлбіліктер «ULBA» ОМҮ жиналды. Орталық мәдениет үйі құттықтауларға, көтеріңкі көңіл күйлерге, жандандырылған әңгімелерге, естелік сүреттер мен мерекелік атмостфераға толы болды.

«ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы Юрий Шахворостовтың құттықтауы осы мерекелік кештің ажырамас бөлігі болды:
- Кәсіпорын Басқармасы атынан сіздерді зауыттың туғаны күнімен құттықтаймын. Әлемдегі қиын экономикалық ахуал мен дағдарысқа қарамастан зауыт аяғында нық тұрып келеді. Қазатомөнеркәсіп Ұлттық атом компаниясымен әзірленген және бекітілген саланы дамыту жөніндегі стратегиясына ерекше көңіл бөлінеді. Атомдық станциялар үшін дайын ядролық отынды шығару үшін бізге жылу бөлгіш құрамалар өнідірісін құруымыз қажет. Біздің зауыт ұжымы алдымызға жүктелген тапсырмаларды абыроймен орындайды деп сенемін. Сіздерге зор денсаулық, нәрлі күш – қуат, амандық пен бақытты да баянды ұзақ ғұмыр тілесем, ал – ҮМЗ одан әрі дамуы мен көркейюін тілеймін!

Биылғы жылы Зауыттың туған күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған.  Жүргізушілермен бірге көрермендер біздің зауытымыздың табыс көзін құраушы негіздерді белгілеп, елеулі кезеңдері естеріне түсірді. Алайда ең бастысы ол біздің кәсіпорынның жұмысшылары, олардың жанкешті еңбегі. Жүргізушілер айтуынша зауыт – бұл тек жұмыс орны ғана емес, сонымен қоса тағдырлар тоғысатын орын. Қаншама ерлі-зайыптылар осы зауытта бас қосты. Солардың бірі –Алексей Григорьевич пен Анна Алексеевна Будасовтарға арнап – Вячеслав Ткач «Вечная любовь» әнін шырқап берді. Бұл тегіннен тегін емес - өткені келесі жылы бұл жұп 60 жылдық мерейтойын атап өтеді!

Спорт, әрбір іске шығармашылық тұрғыдан қарау, адамдарға көңіл бөлу, болашақты күті – біздің зауытымызды табысқа жетелейтін тағы бір құраушы негіздерінің бірі. Зауыт бөлімшелері мен цехтарында қаншама талантты қызметкерлерді кездестіруге болады! Оған дәлел біздің әріптестеріміз - Юлия Дарницына мен Анастасия Тарасенконың  өнері. Артистердің сомдаған әр көрінісінен кейін залда отырғандар қол шапалақтап, қызу қолдау білдіріп отырды. Барлықтары жақсы көріп кеткен орындаушылар мен жаңа орындаушылармен шырқалған әр жылдардағы әндер, хореографиялық компазициялар - өз көрермендерін тапты. Концерт Вячеслав Ткачтің орындауындағы зауыттың әнұранымен аяқталды.  Гимннің алғашқы нотасынан-ақ,  зауыттықтар бірдей орынан тұрды.
Мерекелік іс-шара фуд – кортта жалғасын тапты. 

Барлықтары кеште көтеріңкі көңіл күй мен жан шуаққа толы, шынайы мерекені сезіне білді. Бұның бәрін олардың бал-бұл жанған қуанышты жүздерін көруге болады.

Рух көтерер мереке

«ҮМЗ-ақпарат» 11.11.2016 ж. № 24