БАСПАСӨЗ-БАЯНЫ
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ туған күнін атап өтуде
Өскемен қаласы 2016 жылғы 28 қазан
29 қазан күні Үлбі металлургиялық зауыты 67-інші Туған күнін атап өтетін болады. Бұл күні 1949 жылы кәсіпорында алғашқы өнім – торий оксалаты алынған болатын.
Өткен жүз жылдықтың 50-інші жылдары зауытта заманауи Уран, Бериллий және Тантал өндірістерінің іргетасын қалаған технологиялық учаскелер құрыла бастады.
1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздік алуы ҮМЗ дамуына жаңа импульс берді. Жас мемлекетпен бірге зауыт қайта құрудың қиын уақытын бірге бастан кешті, экономикалық тұрғыда күшейді, кез келген күрделіліктегі технологиялық мәселені шешуден өте құнды тәжірибе жинақтады, сенімділік пен сапаның дәстүрін қалтқысыз сақтай отырып, тәжірибеде жоғары технологиялық инновацияларды қолданып, қазіргі уақытта шетел нарығын ойдағыдай игерді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Жұмағалиев өз құттықтауында келесідей атап өтті:
– Біз өткен жылы ҮМЗ аумағында жылу бөлетін құрамалар өндірісі бойынша зауыттың құрылысы жөнінде біз үшін өте маңызды келісімге қол қойдық. Менің ойымша, бұл кәсіпорынның дамуына жаңа импульс болып, жоғары қосылған құнды өнімнің инновациясы және шығару саласындағы серіктестік үшін жаңа көкжиектер ашады.
Үлбі металлургиялық зауыты табысты қызметінің көп жылдық тарихында кіршіксіз іскерлік беделге және тапсырыс берушілер мен серіктестердің жоғары деңгейдегі сеніміне ие болды.
– Зауыт ардагерлерімен қойылған жоғарғы биіктік ешқашан төмендеген емес. Ізашарлармен негізі қаланған жауапкершілік, кәспқойлық және өз ісіне риясыз көзқарас дәстүрі бүгінгі таңда да ерекше құндылыққа ие. Жинақталған тәжірибе жаңа технологиялармен біріге бізге күрделіліліктің кез келген деңгейіндегі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді, - деп атап өтті зауыт ардагерлері мен жұмыскерлеріне айтылған сөзінде «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы Юрий Шахворостов.
ҮМЗ жыл сайын зауыттың Туған күні қарсаңында өнімді, шығармашылық еңбегімен ортақ іске елеулі үлес қосқан жұмыскерлерді белгілейді. Биыл Құрмет кітабына Тантал өндірісінің аппаратшысы Александр Пименов пен Сынау орталығының радиациялық қауіпсіздік тобының жетекшісі Николай Недосековтың фамилиялары жазылатын болады. «Зауыт ардагері» атағы 10 зауытшыға берілді. Құрмет грамотасымен 10 жұмыскер марапатталынды, 180 зауытшыға алғыс жарияланды. Сонымен қатар, зауыттың барлық жұмыскерлері ақшалай сыйақымен ынталандырылды.
Туған күн құрметіне ҮМЗ-ында салтанатты шаралар өтеді. Зауыттың аты аңызға айналған директоры В.П. Потаниннің және бұрынғы Орта машина жасау министрі Е.П. Славскийдің ескерткіштеріне, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО атом энергетикасы және өнеркәсіп министрі В.Ф. Коноваловтың мемориалдық тақтасына гүл шоқтары қойылады.
Мерекелік шаралар «ULBA» ОМҮ-інде болатын мерекелік шараменен аяқталады.
- «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ - атом энергетикасының, электрондық, металлургиялық өнеркәсіптің және басқа қызмет салаларының қажеттіліктеріне арналған әлемдегі танымал уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушілердің бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді.
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – уран мен оның қосындыларының, сирек металдар, атом электростанциялары үшін ядролық отын, арнайы құрал-жабдық, қос арналымдағы технологиялар мен материалдар экспорты бойынша Қазақстанның ұлттық операторы. Компания қызметінің негізгі бағыттары болып табылады: геологиялық барлау, уран өндіру; ядролық отын циклінің өнімдерін өндіру; конструкциялық материалдар өндірісі; энергетика; ғылым; әлеуметтік қамсыздандыру және кадрлар даярлау. Казатомпром Қазақстан Республикасындағы жаңғыртылатын энергетика бағдарламасының белсенді қатысушысы болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 27 000-нан астам адам жұмыс істейді. Казатомпром әлемнің жетекші уранөндіруші компанияларының қатарына кіреді.
«ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі
|