ЕҢ БАСТЫ – ҚАУІПСІЗДІК

Үлбі металлургия зауытында ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында өткізілген еңбек қорғау (ЕҚ), қоршаған ортаны қорғау (ҚОҚ), өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі бойынша (ӨжӨҚ) жыл сайынғы байқау – жарыс қорытындылары шығарылды.

 

Байқау – жарыс ҮМЗ осыдан алты жыл бұрын құрылған. Байқау ЕҚ және ӨжӨҚ жөніндегі ережелердің сақталуын қадағалау, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауру деңгейін азайту, еңбек жағдайларды және өндірістің мәдениеттілігін жақсарту, зиянды заттардың қоршаған ортаға тасталуын азайту жөніндегі жұмыстарға зауыттықтарды белсенді қатыстыру. Байқауға қатысу үшін зауыт бөлімшелері үш топқа бөлінген. Бірінші топ құрамына негізі өндіріс кірсе, екінші топты Сервис, Энергетка және Сынау орталығы, ал үшінші топқа Дайын өнімдер қоймасы, Қойма шаруашылығы мен ОҒЗЗ кіреді.

ЕҚ, ҚОҚ, ӨжӨҚ саласындағы жұмыс қорытындаларын бағалау үшін өндірістік жарақаттану, зиянды улану, апаттар мен өртің болмауы; жұмыс аймағындағы ауаға зиынды заттардың арттылуын бағалау сынамалардың мөлшері; «Еңбек қорғау және  санитарлы – сауықтыру іс – шаралары мен еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі кешендік жоспарна» сәйкес «ҮМЗ» АҚ жетекшілері және мамандарымен, жоғары тұрған ұйымдар мен мемлекеттік бақылау органдардың қатысуымен өткізілген ЕҚ, ҚОҚ, ӨжӨҚ бойынша тексеру жөніндегі іс – шаралардың орындалуы, ЕҚ жөніндегі іс – шараларға жұмсалған шығын көлемі; ЕҚ, ҚОҚ, ӨжӨҚ жақсартуға бағыталған «10 000 жақсарту» бағдарламасы бойынша ұсынылған ұсыныстар мен енгізілген рационалдық ұсыныстар мөлшері ескерілген. Байқау комиссиясының шешімі бойынша Тантал өндірісі бірінші топ жеңімпаз ретінде танылды. Екінші топта Сервис орталығы, ал үшінші топ бойынша Қойма шаруашылығы үздік болып танылды. Аппаттар мен өндірістік жарақаттанудың алдын алу жөніндегі жұмыстарға белсенді қатысқандару үшін осы бөлімшелерінің қызметкерлеріне зауыт бойынша алғыс жарияланып, барлықтарына ақшалай сыйлықақы төленді. 

Соның ішінде №10 А цехтың № 3 бөлімшесінің учаске шебері А. Ревуцкий, ЕқжҚОҚ инженері С.Найденов, № 58 цех аппаратшысы Д.Павлов (барлығы – тантал өндірісінің қызметкерлері); мастер-сантехник А.Ботищев, ЕқжҚОҚ инженері  Т. Барпиев, киімдерді жуу жөніндегі машинисті Г. Богданова (барлығы – Сервис орталығының қызметкерлері); тиеу –түсіру жұмыстары жөніндегі кешендік бригада миханизаторы А. Алешин, қоймашы В. Михальченко, электромонтер В. Максимов (барлығы – Қойма шаруашылығының қызметкерлері).

 

 

 

 

 

 

«ҮМЗ» АҚ Баспасөз қызметі

16.02.2017 ж.