МИНИСТРДІҢ ҮМЗ САПАРЫ

 

 

Ағымдағы жылдың ақпан айының соңында Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Үлбі металлургиялық зауытында болып қайтты. Онымен бірге Үлбі металлургиялық зауытында ШҚО әкімі Даниал Ахметов пен өзге тұлғалар да болып қайты. Кездесу барысында ведомства басшысы Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» шеңберінде жүзеге асырылатын инвестициялар және даму министрлігінің жоспарымен бөлісті.

Өз сөзінде Жеңіс Қасымбек Президент жолдауындағы ел экономикасын дамытуға бағыталған маңызды міндеттемелерді де айтып өтті. Жаңғырту, базалық салаларды техникалық қайта құру мен жаңа технологияларды енгізу алдағы өсімнің басты кепілі болып табылады.

- Менім білуімше кәсіпорынның 3D-технологияларды дамыту және медициналық қажеттілік үшін ғылымды көп қажет ететін өнімдерді шығару жөніндегі жоспарлар бар. Бұл жоспарлардың жүзеге асырылуы зауыт үшін өте тиімді болмақ, - деді министр. Жеңіс Қасымбек өзі басшылық ететін министрлікке қатысы бар реформаларға егжей – тегжейлі тоқталды. Соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес биылғы жылдан бастап нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы енгізіледі. Соның ішінде транспорттық инфрақұрылымға ерекше көңіл бөлінеді.

Бүгінгі күні Қазақстан ТМД елдері арасынан транспорттық логистика бойынша көшбасшы болып  келеді, ал 2020 жылға дейін осы көрсеткіш бойынша республика ең үздік 40 ел қатарына кіруге тиісті. Министрлік тұрғын үй құрылысына қатысты сұрақтарды жүзеге асыру жөніндегі бірқатар бағдарламаларды жүзеге асыруды жоспарлаған. Жеңіс Қасымбек индустриаландыру сұрақтарына көбірек көңіл бөлді. Индустриаландырудың екінші бес жылдық шеңберінде Шығыс – Қазақстан облысында шамамен триллион теңге көлеміндегі 36 жоба жүзеге асырылуда.

Кездесу барысында зауыт қызметкерлері импорттық төлемнен босату және қызметкерлерді оқыту жөніндегі бірқатар сұрақтарын қойды. Кейіннен министр Тантал өндірісінің № 10 цехының электронды – металлургиялық қайта өңдеу учаскесінде болып қайтты. Дәл осы жерде оған «Космос» сериялы тантал мерейтойлық естелік монетасы сыйлыққа тарту еттілді.

 

 

 

 

 

«ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі

02.03.2017