БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

ҚР Премьер – Министрі Бақытжан Сағынтаев

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ болып қайтты.

 

 

Өскемен қ.                                                                                 16 наурыз 2017 ж.

 

16 наурыз күні ҚР Премьер – Министрі Бақытжан Сағынтаев Шығыс – Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ болып қайтты. Онымен Министрлер кабинетінің мүшелері, ШҚО әкімі Даниал Ахметов пен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалив ілесіп жүрді. Кәсіпорынға келу барысында қонақтар кәсіпорын қызметінің негізгі бағытымен, шығарылатын өнімнің түрлерімен және олардың қолдану саласымен танысты. «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы Юрий Шахворостов зауытты жүзеге асырылып жатқан маңызды стратегиялық жобаларға ерекше көңіл бөлді. Жылу бөлгіш құрамаларды шығару өнідірісі, МАГАТЭ төмен байытылған уран банкін құру мен өткізіліп жатқан ғылыми - зерттеу және тәжiрбибелiк – конструкторлық жұмыстар туралы сөз болды. Кейіннен қонақтар жоғары сыйымды тантал ұнтақтарын шығару өндірісінде болып, технологиялық үрдіске тартылған учаскелерді қарап шықты.

Кездесу барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «ҮМЗ» АҚ бірқатар инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына, соның ішінде қуаттылығы жылына 200 тонна жылу бөлгіш құрамалардың шығарылуына байланысты, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ мен Шығыс – Қазақстан облысының әкімдігі арасындағы өңірдің әлеуметтік – экономикалық даму шеңберіндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. ШҚО әкімі Даниал Ахметов, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Жұмағалив пен «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы Юрий Шахворостов Меморандумға қол қойды.

Қол қойылған Меморандумға сәйкес «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ 2017-2019 жыл аралығына өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуы үшін Шығыс – Қазақстан облыс бюджетіне үш миллиард теңгені аударады.

Сонымен қатар тараптар «ҮМЗ» АҚ Меморандум шеңберінде қолданыстағы жұмыс орындардың сақталуы мен жаңа жұмыс орындардың құрылуын; жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау және оған кепілдік беруді қамтамасыз етуге келісті.

Ал Шығыс – Қазақстан облысының әкімдігі өз тарапынан қажеттілік болған жағдайда кәсіпорын қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау, кәсіптік дайындау мен өзге де сұрақтардың шешілуіне қолдау көрсететін болады.

 

 

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ - атом энергетикасының, электрондық, металлургиялық өнеркәсіптің және басқа қызмет салаларының қажеттіліктеріне арналған әлемдегі танымал уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушілердің бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді. 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – уран мен оның қосындыларының, сирек металдар, атом электростанциялары үшін ядролық отын, арнайы құрал-жабдық, қос арналымдағы технологиялар мен материалдар экспорты бойынша Қазақстанның ұлттық операторы. Компания қызметінің негізгі бағыттары болып табылады: геологиялық барлау, уран өндіру; ядролық отын циклінің өнімдерін өндіру; конструкциялық материалдар өндірісі; энергетика; ғылым; әлеуметтік қамсыздандыру және кадрлар даярлау. Казатомпром Қазақстан Республикасындағы жаңғыртылатын энергетика бағдарламасының белсенді қатысушысы болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 27 000-нан астам адам жұмыс істейді. Казатомпром әлемнің жетекші уранөндіруші компанияларының қатарына кіреді.


«ҮМЗ» АҚ Баспасөз қызметі