ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

29 наурыз күні «ҮМЗ» АҚ. Солтүстік алаңы. Ғимарат 571 А. «Вайтинг» пешінің шөмішті қалдықтарын қайта балқыту учаскесі» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті.

Тыңдауларға Өскемен қаласы әкімдігі, ШҚО бойынша экология департаменті, ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері, қоғамдық мекемелер, БАҚ және Үлбі металлургиялық зауыт жұмыскерлері қатысты.

Жоба бойынша Бериллий өндірісінің директоры Евгений Франц пен инженер-жобалаушы Елена Старухина баяндама жасады. Евгений Францтың айтуынша карботермикалық әдіспен мыс-бериллий лигатурасын алу учаскесі 2002 жылдан бастап іске асырылуда. «Вайтинг» пешінде карботермикалық әдіспен мыс-бериллий лигатурасын алу ісі науқан түрінде,  демек пештің үздіксіз қызметі кезеңінен балқыту түйіннің толыққанды ресурсының өндірісіне дейін жүзеге асырылады.  Науқан кезінде лигатураның саны шамамен 300 тонды құрайды, ал жылына 3-4 науқан жүргізу қажет.

Карботермикалық әдіспен лигатураны алу барысында «Вайтинг» электрдоғалы пеште мыс және бериллий оксиды балқуға ұшырайды. Металл балқытпасы бөліп құятын шөмішке ағызылады, ол жерден өз кезегінде қажетті технологиялық параметрлерге жеткенде лигатураның таратып құю конвейерімен құймақалыптарға құюылуы жүзеге асырылады. «Вайтинг» пешін тоқтатқан кезінде пеш және шөмішті қалдықтары, яғни мыс қорытпасы, қож және қаптама элементтерінің конгломераты пайда болады. Қайта өндеу технологиясының жоқ болуына олар жинала береді. Оларды қайта өндейтін құрал-жабдықтың «ҮМЗ» АҚ жоқ екені анық. Жыл сайын 25 тоннаға жуық пеш және шөмішті қалдықтары жиналады. Әлбетте,  оның қайта өнделуін міндетті түрде қолға алып, іске асыру қажет.  Оны өз кезегінде кедергі пешін пайдалану барысында жүзеге асыруға болады. Техникалық шешімдерге сай пеш және шөмішті қалдықтарын қайта балқыту учаскесін карботермикалық әдіспен мыс-бериллий лигатурасын алу учаскесінде құруға болады. «Вайтинг» пешінің циклдік жұмысы  пештегі балқыту науқаны тоқталғаннан кейін бірден қалдықтарды қайта балқытуға мүмкіндік тудыратыны мәлім.

Елена Старухинаның айтуынша, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес «Қоршаған ортаны қорғау» тармағы орындалып, қазіргі таңда жобаны іске асырудың ықтимал нәтижесі мен шаруашылық қызметінің әрі қарай іске асырылуының кешенді талдауы жасақталды. Сонымен қатар, құрылыс барысында және объектіні пайдалану кезінде қоршаған ортаға тигізетін әсері рұқсат етілген дәрежеде екені анықталуда.

Қоғамдық тыңдаулар қатысушылары жиын соңында жобаның мақсат-міндеттеріне оң бағасын беріп, оның іске асырылуына ат салысуға келісімдерін берді.  

 

«ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі