БІЗДІҢ АРУЛАР!

Орден игерлері, ғалымдар, өнертақыштар, премия лауреаттары мен ару жандар – осылардың барлығы Үлбі металлургиялық зауытының әйелдері. Олардың құрметіне 7 наурыз күні ОМҮ мерекелік концерт өтті.

Бұл күні ОМҮ концерттік залы сыңғырлаған дауыстарға, ыстық ықыласқа және сұлулық пен әдемілікке толы болды. Жас шамасына қарамастан жиналған әйелдер залды ерекше қуанышқа кенелтті. Біздің арулар отбасылық міндеттемелерімен бірге кәсіби және қоғамдық қызметті де абыроймен алып жүр. Олар әрбір салаға белсенді қатысып, өнімдерді әлемдік нарыққа шығарады, зерттеулерді жүргізеді, технологияларды дайындайды, қаржыны басқарып, сервистік көрсетіп, өздерін кәсіпті, жауапты маман және жұмысқа деген шығармашылығын көрсетуде.

Олардың еңбегі мемлекеттік деңгейде бағаланды. «Құрмет» орденімен Берилий өндірісінің инженер – технологы Вера Красюк марапатталды. «Ерен еңбегі үшiн» төс белгісі сынау ораталығының менеджмент жүйесі тобының жетекшісі Галина Мартюшеваға, Басқарма Төрағасының орынбасары (экономика және қаржы) Ирина Минееваға және ғылыми орталықтың инженер – зерттеушісі Елена Столбоваға берілді. 56 зауыт әйелдеріне «Қазақстан Республикасының атом саласына еңбегі сіңген қызметкері» атағы берілді. Олар өндіріске өз үлестерін қосуда.

- Өнімді алу технологиясы біздің зертханымыздан басталып, біздің зертханымызда аяқталады деп айтуға болады, - дейді сынау орталығының уран өнімдерін сынау зертханасының бастығы Ирина Малютина. – Себебі шығарылатын өнім қойылатын талаптарға сай болуы үшін, оның дайындалу үрдісіне аса жауапкершілкпен қарап, бақылау қажет. Дәл осы жұмыс сынау орталығының зертханасында жасалады. Әртүрлі сынамаларды жүргізу үшін дәлме-дәлдік пен аса көңіл бөлгіштікті қажетті ететін қасиет, біздің орталықтың әйелдеріне тән. Сол себебті орталықта жұмыс істейтін қызметкерлер саны арасынан әйелдер саны басымырақ.  Үлбілік әйелдерінің еңбегі зауыт мараттарымен белгіленген. «ҮМЗ еңбегі сіңген қызметкері» атағы зауыт ардагері Светлана Мордвиноваға тиесілі.     В.П. Потанин атындағы сыйлық лауреаттар арасында ғылыми орталықтың инженер – зерттеушісі Елена Столбова, зауыт ардагері Светлана Мордвинова, Бериллий өндірісінің инженер –технологы Светлана Тюменцева, ғылыми орталықтың жетекші инженер – зерттеушісі Наталья Ярошенко.

- Ғалым бұл, - ерлерге тән сала деп ойлау, бұл бұрыннан қалыптасып қалған стериотип. Менім ойымша, өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарап, өз ісіне зор ықыласын бөлген адам ғана, ғалым болуға ылайықты. Сол себебті әйелдерді ғалым қатарына қоспау мүмкін емес, көптеген ғалым әйелдердің аты жазылған. Біздің зауытта да ғылыми қызметті абыроймен алып жүрген көптеген әйелдер бар, - деп ойлайды ғылыми орталықтың жетекші инженер – зерттеушісі Наталья Ярошенко. 

Құрастырушылар, технологтар, аппаратшылар, бақылаушылар, маркетологтар мен финансистердің барлығы – біздің зауттықтар. Кәсіби жетістік – бұл әйел затының бірден – бір ғана жетістігі. Олар отбасының, ошағының ұйытқысы, махаббат пен өмір сыйлаушы нәзік жандар. Көптеген ақын жазушыларымыз әйелдер туралы, олардың ішкі болмысы туралы өлеңдер жазып, әндерін шырқаған.

Мереке қарасңында зауыттық орындаушылар, белгілі артистер мен қала ұжымдары Үлбі металлургиялық зауытының әйелдеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады. ҚР Мәдениет қайраткері Олег Вуккерт, белгілі музыкант  Игорь Мещеряков, вокалдық топ«Инкоро», студия «Визит», шоу-группа «Флэш» кешті естен кетпестей етіп өткізді.

 

ҮМЗ Баспасөз қызметі