ЖЫЛУ КЕЗДЕСУ

 15 мамыр күні Үлбі металлургиялық зауытының еңбек династия өкілдерін салтанатты түрде құттықтады.

«Самрұқ-Қазына» ҰАҚ бастамасымен 2013 жылы бекітілген қор компания тобында еңбек династия күнін жыл сайын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Биылғы мерекелік дастарханға еңбек династиясының 21 өкілі жиналды.

Зенковтар мен Абубакировтар, Сушковтар мен Марочновтар, Хрыкиндер мен Жилиндер, Ждановтар мен Лескиндер, Климовтар мен Ковалевтар, Смурыгиндер мен Санаровтар, Татариновтар мен Мараховцтар, Сорокоумовтар мен Вербицкийлер, Авдиенко мен Колесниковтар, Прибосный, Колмогоровтар мен Жвакиндер – дәл осы әулеттер бірнеше он жылдық бойы өз кәсіпорнына адал еңбек етіп келуде.

- Бүгінгі мереке өте ерекше және қызықты. Ұрпақтың жалғастырушылығы корпоративтік мәдениеттің маңызды бөлігі болып табылады, - деді жиналғандардың алдында сөз сөйлеген персонал және әлеуметтік қатынастар жөніндегі директор Елена Денисова.

Өткен жылы өткізілген кездесуде мерекелік кеш жетекшісі еңбек династия негізін құрған құрушылар туралы айтып берген. Биылғы жылы олардың жас буын өкілдеріне ерекше көңіл бөлінген. Евгений Сушков, Александр Марочнов, Денис Хрыкин, Вячеслав Климов, Александр Лескин, Наталья Смурыгина, Марина Санарова, Татьяна Быкова и Виктор Колмагоров отбасылық дәстүрді адал сақтап, жалғастырып келеді.

- Менім ұлым мен келінім - нағыз үлбілік болып кеткен. Менім немерем де, солардың жолын қуып, біздің зауытымызға адал қызмет етеді деген сенімдемін, - дейіді династия өкілдері Виктор жіне Наталья Хрыкиндер. Қонақтар үшін персонал және әлеуметтік қатынастар жөніндегі директор қызметімен жасалған «ҮМЗ еңбек династиясы» альбомы ерекше сыйлық болды. Оның ішінде әрбір династия туралы анықтама көрсетілген – олардың тарихы мен фото сүреттері.

- Әлі есімде, ол соғыстан кейінгі уақыт еді. Зауытқа жастайымнан жұмыс істеуге келгем. Тез шаршап кететінмін. Онымен қоса тұрмыстық жағдайларды да, жайлы деп айту оңай емес, - деп еске алады Ждановтар еңбек династия өкілдерінің ең үлкені Екатерина Семеновна. – Жұмысқа брезентпен жабылған жүк машинасының шанағында апаратын. Оған қарамастан мен істеген жұмыс ұжымы өте тату болып, болашаққа нық сеніммен қараған.

Мерекені тойлау барысында залда жыл атмосфера орнап тұрғандай болды, танымал артистер Олег Вуккерт, Игорь Мещеряков, Тимур Калекперов және Ольга Орлова жиналғандарға көтеріңкі көңіл сыйлады.

Кездесу соңында ҮМЗ бұрынғы қызметкері Валентина Сушкова ұйымдастырушыларға өз сөзін жолдады:

- Осы жерге әрбір еңбек династия өкілдерін жинап, осындай мерекелік концерт ұйымдастырғандарыңыз үшін сіздерге ерекше алғыс білдіреміз. Саған қамқор болып, қамын ойлап, сені есте сақтап отырғанын білу, көңіл сүйсіндірерлік. Осындай дәстүрлер жалғасып, ал зауыттағы еңбек династиясы жылдан жылға көбеюіне тілектеспін.

Анықтама:

Бүгінгі күні Үлбі металлургиялық зауытында 28 династия тіркелген. Жалпы еңбек өтілі шамамен алты мың жылдықты құрайды. Бір еңбек династия өкілдерінің жалпы еңбек өтілі, шамамен ең азы – 129 жыл, ең көбі – 360 жылды құрайды. Зауыттағы еңбек династиясын тіркеу 2002 жылдан басталған. Еңбек династиясын анықтау, Ұжымдық шарттың қосымшасы болып табылатын «ҮМЗ» АҚ қызметкерлердің адал еңбегі үшін Озат Кодексіне» сәйкес белгіленген.

 

 «ҮМЗ» АҚ Баспасөз қызметі