• Атом энергетикасы, электронды және металлургиялық өнеркәсіп және басқа да қызмет облыстарының қажеттіліктеріне арналған уран, бериллий, тантал мен ниобий өнімдерін өндіруші. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді. Болашаққа бізден бірге!
  • «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Уран өндірісі – бұл атом электрстанцияларына арналған уран отынын өндіретін әлемдегі бірегей және ірі кешендердің бірі, ядролық саладағы жұмыс тәжірибесі де мол болып табылады. Болашаққа бізден бірге!
  • «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ бериллий өндірісі әлемдегі кен концентратын қайта өңдеуден сапалық параметрге бағыттап, дайын өнім түріне дейін шығаратын толық өндірістік циклі бар үш кәсіпорынның бірі. Болашаққа бізден бірге!
  • "Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ тантал өндірісі ТМД аумағында жеке және әлемде тантал қосылған шикізатты қайта өңдеуден дайын өнім алуға дейін толық өндірістік циклі бар аса ірі кәсіпорындардың қатарына жатады. Болашаққа бізден бірге!

«Дидар» № 117 от 04.10.2018

ҚАМҚОРЛЫҚ ПЕН НАЗАРҒА БӨЛЕНГЕН

 1 қазан күні аға буынды қамқорлыққа алу, оларға ерекше құрметпен қарау туралы есімізге салатын Халықаралық қарттар күні аталып өтіледі.  

ҮМЗ зейнеткерлеріне өздеріне деген назардың бөлінуін сезіну үшін бұл мерекені күтудің қажеті жоқ. Құрметті демалыста бола тұра, зауыттың бұрынғы жұмыскерлері кәсіпорынмен байланысын үзбейді және белсенді өмір салтын ұстанады. Бұған ҮМЗ-де жұмыс істейтін ардагерлер ұйымы қолдау көрсетеді.  

– Біздің ұйым кеңес уақыты кезінде құрылған, және де зауыттың басынан өткен күрделі кезеңдерге қарамастан, оның жұмысы тоқтап қалмай, әрқашанда аға буынға қолдау көрсетіп келді, – дейді  «ҮМЗ» АҚ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Владимир Ломов.

Құрметті демалысқа шығумен байланысты өз еңбек жолын аяқтаған зауыттың барлық жұмыскерлері ұйым мүшесі бола алады. Бүгінгі күнге қарасты оның үш мыңнан астам мүшесі бар.

Ұйымның қызмет саласы өте кең. Оны белсенділері соғыс ардагерлері, ауыр науқастардың, жалғызбасты зейнеткерлердің үйлеріне барып, қолдан келерлік ақшалай көмек пен моральдық қолдау көрсетіп тұрады. Жыл бойында мерейтой иелерін туған күндерімен құттықтайды. Зауыт ардагерлері қалалық және зауыттық іс-шараларға, акциялар мен шерулерге қатысып тұрады. Көрмелер мен концерттерге барады. Ардагерлер кеңесінің жанында «Возрождение» хоры жұмыс істейді. «Ветераны» командасы «ҮМЗ» АҚ жыл сайынғы спартакиадасының ұдайы қатысушысы болып табылады.   

– Зейнеткерлердің бір де бірі назардан тыс қалмауы – біздің жұмысымыздағы басты мәселе. Бұл үшін біз қолдан келгеннің барлығын жасаймыз, – деп атап өтті Владимир Ломов.

ҮМЗ әкімшілігі де өзінің бұрынғы жұмыскерлері туралы ұмытпақ емес, себебі зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау көрсету зауыттың әлеуметтік саясатының ажырамас бір бөлігі болып табылады.  

Жыл сайын зейнеткерлерге тіс протездеу үшін қаражат бөлініп тұрады. Атаулы әлеуметтік көмек оған мұқтаж адамдарға көрсетіледі. Ардагерлер үшін Шығыс Қазақстан облысының санаторийлері мен профилакторийлерінде сауығуға материалдық көмек көрсету көзделген. Марқұм болған зейнеткерлердің отбасыларына төлемдер көзделген, мұндай көмек қайтыс болған адамдарды соңғы сапарға лайықты шығарып салуға мүмкіндік береді. «Возрождение» хорына, зауыттың бұрынғы жұмыскерлерінің түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларға ұжымдық баруына  қаражат бөлініп тұрады. Жеңіс күні мен Халықаралық қарттар күніне орай зауыт зейнеткерлерінің белгілі тобына материалдық көмек көрсетуге «ҮМЗ» АҚ әкімшілігі қаражат бөліп отырады. Осы жылы да Халықаралық қарттар күніне орай Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, тыл еңбекккерлері, I, II, III топтағы мүгедектерге ақшалай төлем жүргізуге төрт миллион теңгеден артық қаражат бөлінді. Осы және басқа да жеңілдіктер ҮМЗ-де қолданыстағы Ұжымдық шартта белгіленген.         

2018 жылдың тоғыз айында ғана осы мақсаттарға зауыт 17 жарым миллион теңгеден астам қаржы жұмсады.  

– Кәсіпорын әкімшілігінің аға буынға осындай көзқарасы ардагерлердің жүрегінен шыққан жылы лебізге ие. Біз ұдайы көрсетіліп тұратын құрмет пен бөлінетін назар үшін басшылыққа алғысымызды білдіреміз, – деді Владимир Ломов.

…Зауыт зейнеткерлерінің қызықты да жанданған өмірі, кәсіпорын әкімшілігі тарапынан белсенді көмек көрсетілу – осындай сенімді қолдауы бар ҮМЗ ардагерлеріне қызыға да қызғана қарау ғана қалады.      

Наталья ПАШАГИНА

Перевод Асель ДЮСУПОВА