«ҮМЗ»АҚ -дағы Абайдың мерейтойы

Биыл Ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаевқа 175 жыл толады. Осы орай Қазақстанда маңызды оқиға құрметіне жаңа мереке бекітілді. Абай күні 10 тамызда – оның туған күнінде атап өтіледі.

Әдебиетшінің мерейтойы халықаралық деңгейде өтетін болады, соның ішінде ЮНЕСКО аясында да мерекеленеді. Бұл-барша Қазақстандықтар үшін үлкен мақтаныш. Біздің елімізде мерекелік, салтанатты және танымдық іс-шаралардың бүкіл плеядасы өтеді. Олардың тізімі мәдениет және спорт министрлігінің сайтында жарияланған.

Үлбі металлургия зауытының қызметкерлері барша Қазақстандықтармен қатар Ұлы ағартушыны еске алады. Кәсіпорында оның құрметіне бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

ҮМЗ кітапханасында Абай кітаптарының көрмесі өтуде. Олардың саны 40-қа жуық. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі басылымдар. 1970 жылғы, қазіргі заманауи кітаптары бар. Мұнда ұлы композитор жазған күйлердің аудиожазбалары қойылған.

Уақыт шындығы өз шарттарын талап етеді: зауыт жұмысшылары енді Абайдың шығармашылығына виртуалды түрде – ішкі порталда қол тигізе алады. Кітап көрмесінен басқа, бейнеэкскурсияның бір бөлігі Абай ескерткіштеріне арналған. Ұлы ағартушыға арналған ескерткіштер әлемнің әртүрлі елдерінде – Ресейде, Францияда, Венгрияда, Египетте, Қытайда, Өзбекстанда, Иранда және Түркияда орнатылды.

Сондай-ақ зауыттың ғылыми орталығында «Абай әлемі» экспозициясы орналасқан.

– Біз бөлімшемізде жиі көрмелер ұйымдастырамыз. Бүгінгі күн атақты Абайдың шығармашылығы мен өміріне арналған. Қызметкерлер жазушының өмірі мен шығармашылығынан қызықты деректерді оқи алады, оның өмірлік фотосуреттері мен портреттерін көре алады, бүгінгі күнге дейін өзекті болып табылатын белгілі Қара сөздерін еске түсіре алады, – дейді ҮМЗ ғылыми орталығының ұйымдастырушылары.

Ал, жас зауыттықтар видео-челленджді өткізді, оның аясында ақын мен композитордың шығармаларын оқып, әндерін шырқады.

Корпоративтік мәдениет бөлімімен ұйымдастырған ақынның мерейтойына арналған байқау зауытшылар үшін маңызды оқиға болды. Ол үш номинация бойынша өткізілді: көркемсөз оқу шеберлігі, Абай әндерін музыкалық орындау, «Біз Абайды оқимыз»балалар сурет байқауы.

Комиссияға 12 жұмыс ұсынылды. Жеңімпаздар таңдап алынды, олар естелік дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Қалған қатысушылар мақтау қағаздарымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.