Жыл қызметкері-2020

«Кәсіпқой», «Тәлімгер» және «Болашақ» – жыл сайын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК өткізетін «Жыл Қызметкері» («Работник года») байқауының номинациялары осылай аталады. Тантал өндірісінің №10 цехы №3 бөлімшесінің учаске шебері Дмитрий Бобылев «Металлург» мамандығы бойынша «Кәсіпқой» номинациясында үздік атанды.

Конкурстың қорытындылары әдетте Қазақстан Республикасының атом саласы қызметкерлерінің Күнін мерекелеу шеңберінде шығарылады. Биылғы жыл да ерекше болды. Алайда, қазіргі эпидемиологиялық жағдай жеңімпаздарға салтанатты құрмет көрсетуге мүмкіндік бермеді, бірақ дипломдар мен естелік сыйлықтар өз адресаттарына жетті.

Дмитрий Бобылевті марапаттау 28 қыркүйекте «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ-мен жедел кеңес кезінде өтті. Жеңімпазға сол кезде ТӨ директорының м. а. Антон Бабин сыйлықтарды табыс етті.

Дмитрий зауыттағы еңбек жолын 2012 жылы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да оқу кезінде ТӨ №10 цехы №3 бөлімшесінің төртінші разрядты аппаратшысы болып бастады. Ол 2013 жылы университетті үздік аяқтады. 2015 жылдың сәуір айында №10 цехтың №3 бөлімшесінің ауысым шебері болып тағайындалды. 2016 жылдан бастап натрийтермиялық ұнтақтарды өндіру және тантал өндірісінің қалдықтарын өңдеу учаскенің шебері болып жұмыс істейді.

Дмитрий – зауыттың қоғамдық өмірінің белсенді қатысушысы. Жастар бірлестігі қатарында, «10 000 жақсарту» бағдарламасын қолдайды. Зауыттық КТК құрама командасының капитаны. ТӨ құрамасының құрамында баскетбол мен волейболдан зауыт спартакиадасының бірнеше дүркін чемпионы. Сонымен қатар Дмитрий «ҮМЗ» АҚ баскетбол құрамасының құрамына кіреді, ол «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ спартакиадасының бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері, баскетболдан қала және облыс чемпионы, ШҚО әкімінің жүлдесі үшін халық ойындарының чемпионы. Біздің батырымыздың еңбек жолы 20 алғыс және Құрмет грамотасымен белгіленген.

Дмитрий Бобылевтен басқа, біздің зауыттан «Жыл Қызметкері» («Работник года») байқауына қатысуға «Кәсіпқой» номинациясына тағы үш үміткер ұсынылды – УӨ «В» цехының механигі Евгений Ковтун «Механик» мамандығы бойынша, УӨ «В» цехының аппаратшысы Александр Лантушенко «Аппаратшы» мамандығы бойынша және УӨ «Р» цехының электргазбен дәнекерлеушісі Алексей Раманов «Электргазбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша. «Тәлімгер» номинациясына УӨ «В» цехының ұнтақтарды өндіру бөлімшесінің бастығы Павел Крыжановский ұсынылды.

Баспасөз қызметі