ҮМЗ: 7+1 жыл оқиғалары
2019 жылдың 29 қазанында Үлбі металлургиялық зауыты ең үлкен мерейтойын атап өтті. Бүгін зауыттың кезекті 71-ші туған күнінде біз соңғы жылдың кейбір оқиғаларына толығырақ тоқталамыз.
1. 2019 жылғы 10 желтоқсанда ҮМЗ-ға МАГАТЭ ТБУ банкіне уран гексафторидінің қорытынды жеткізілімі жетті. МАГАТЭ ТБУ банкін біздің еліміздің аумағында орналастыру Қазақстан мен МАГАТЭ-нің өзара тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз етеді. ТБУ банкін құру ядролық қаруды таратпау үдерісіндегі маңызды қадам болды, бұл Қазақстанды бейбіт бастаманың Елеулі қатысушысы етті.
2. 2020 жылғы 22 сәуірде «ҮМЗ» АҚ Шығыс Қазақстан облысының тауар өндірушілерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Қол қою рәсімі отандық өндірушілерді қолдаудың Серіктестік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Бұл бағыт «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасында басым бағыттардың бірі болып табылады. Жасалған меморандумдардың жалпы сомасы 19 млрд теңгеден асады. «ҮМЗ» АҚ отандық өндірушілерге қолдау көрсете отырып, осы бағыттың дамуына елеулі үлес қосуда.
3. 2020 жылғы 21 мамырда «ҮМЗ» АҚ, Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті және Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазгидромет филиалы қолайсыз метеожағдайлар туындаған кезде өзара іс-қимыл жасау туралы үшжақты меморандумға (ҚМЖ) қол қойды.
Қазгидрометтен қолайсыз метеожағдайлар туралы болжам түскен кезде ҮМЗ осы кезеңде шығарындыларды азайту бойынша іс-шараларды іске асырады. ҮМЗ ҚМЖ дәрежесіне байланысты өнімділікті 20-дан 60%-ға дейін төмендетуге және бірқатар көздердің жұмысын тоқтатуға міндеттенеді.
4. 2020 жылғы 1 шілдеден бастап «ҮМЗ» АҚ-да SAP ERP жүйесін енгізудің белсенді кезеңі басталды. SAP жүйесін енгізудің негізгі мақсаты-халықаралық стандарттарға сәйкес келетін есептіліктің бірыңғай нысанына көшу.
5. 2020 жылдың тамызында Үлбі спортшылары «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК»АҚ тарихындағы алғашқы онлайн Спартакиадаға қатысты. «Виртуалды» жарыста 23 кәсіпорынның 500-ден астам қызметкері бақ сынады. Барлық пәндер бойынша Үлбіліктер жеңімпаз атанды.
6. 2020 жылдың қыркүйегінде Үлбі металлургиялық зауытында дайындалған және сыналған бериллидті титанды пайдалану Хорватиядағы SOFT 2020 термоядролық синтез технологиясы бойынша 31 халықаралық симпозиумда екінші орын алды. Даму идеясы – титан бериллиді термоядролық реакторларда қолдану.
7. 2020 жылдың қыркүйегінде тантал өндірісі №10 цехының №3 бөлімшесінің учаске шебері Дмитрий Бобылев жыл сайын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК өткізетін «Жыл Қызметкері» («Работник года») байқауының жеңімпазы атанды. Біздің әріптесіміз «Кәсіпқой» номинациясы бойынша «Металлург» мамандығы бойынша үздік болып таңдалды.
7+1. 2020 жылғы 9 қазанда бериллий өндірісінің аппаратшысы Қайрат Орузбаев «Астана» телеарнасында өткен «Кәсіпқой. Елдің алтын қолдары» республикалық тележоба жеңімпазы атанды.