Бәрі қалай басталғаны есінде ме?

4 желтоқсан күні ҮМЗ тантал өндірісіне 68 жыл толды. Тантал өндірісінің ұжымын және бүкіл зауыт қызметкерлерін осы тамаша күнмен құттықтаймыз! Бәрі қалай басталғанын еске түсіретін болсақ.

1950 жыл – КСРО металлургия өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен металды тантал және одан жасалған бұйымдардың өндірісін ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

1951 жылдың сәуір айында №6 цехта (оңтүстік алаң) калий фтортанталатын шығару басталды.

1952 жылы 4 желтоқсанда калий ниобаты балқымасының өндірісі игеріліп, калий фтортанталының өнеркәсіптік өндірісі басталды. Бұл күн тантал өндірісінің құрылу күні болып саналады.

1960 жылы калий фтортанталатынан натриймен қайта қалпына келтірілген тантал ұнтағы шығарылды. Тантал мен ниобийды шығарудың және бөлудің экстракциялық технологиясын меңгеру басталды.

1961 жылы танталды шығарудың экстракциялық технологиясы енгізілді.

1961 жылы вакуумдық доғалы балқыту тәсілімен құймаларды қорту технологиясын меңгеру басталды. Металды танталдан алғашқы штабиктер алынды. Карталық прокаттың шығарылымы меңгерілді. Электролит конденсаторларының өндірісі үшін тантал конденсаторлық ұнтақтарынның шығарылымы басталды.

1962 жылы тантал өндірісі құймаларды доғалы балқыту түріне ауыстырылды.

1964 жылы жоғары тазалықтағы алғашқы тантал құймалары электрондық сәулемен балқыту тәсілімен балқытылды, олардан прокаттың тәжірибелі топтамалары алынды.

1964 жыл – №10 цехта танталды электрондық сәулемен тазартудың тәсілі енгізілді.

1965 жылы тантал сымының өндірісі басталды

1967 Жұқалтыр өндірісінің учаскесі құрылды және конденсаторларға арналған тантал жұқалтыр өндіріснің технологиясын меңгеру басталды.

1997 жылдың тамыз айында «ҮМЗ» АҮАҚ мен «Финконкорд» ЖҮАҚ арасында тантал өндірісін жалға алу туралы шартқа қол қойды.

1999 жылдың қыркүйек айында тантал өндірісі «Финконкорд» ЖҮАҚ-дан «ҮМЗ» АҮАҚ-ға қайтарылды.

2002 өнімнің жаңа түрлері меңгерілді: иттриймен қосындыланған тантал, және ТаW тантал, NbZr, NbTi ниобий қоспалары.

2003 жылы 250 мм диаметрмен және құрамында 99,97% танталдың шоғырлануымен құймалардың шығарылымы ұйымдастырылды.

2011 жылдың қазан айында тантал өндірісіне тантал мен ниобийді зерттеу жөніндегі халықаралық зерттеу орталығының (TIC) Бас Ассамблеясының 52-ші сессиясының қатысушылары келді.

2011 жылы қақтығысты Африка шикізатын пайдаланбауды және «ҮМЗ» АҚ белсенді әлеуметтік жауапкершілік ұстанымын растау мақсатында тантал өндірісінде аудит өткізілді. Электрондық Өнеркәсіптің Азаматтық Коалициясынан (EICC) «қақтығыссыз өңдеуші» сертификаты алынды. Сертификаттың болуы өндіріс өнімін тұтынушыларының талабы болып табылады.

2019 жылы жоғары температурадағы вакуумдық күйдіру пеші сатып алынды. Жаңа жабдық өндірілетін өнімнің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді және өнімді өткізудің жаңа нарықтарын игеру перспективаларын ашады.