Даусыз әлеует

Қазақстан Республикасының атом энергетикасын дамытудағы ҮМЗ рөлі қандай және уран бағыты бойынша кадрлардың жетіспеушілігі мәселесі зауытта қалай шешілуде? Бұл туралы Басқарма Төрағасы Сергей Бежецкий ҚР атом саласы қызметкерлері күні қарсаңында және Қазақстан Президентінің кезекті Жолдауына байланысты айтып берді.

Атом энергиясының экологиялық артықшылықтары.

Қазіргі уақытта біздің энергетика негізінен көмір болып табылады.

Салыстырсақ, ядролық отында пайдаланылатын 4%-ға дейін байытылған 1 кг уран толық жанған кезде 100 т. жоғары сапалы тас көмірді немесе 60 т. мұнайды жағуға баламалы энергия бөледі.

Әлемдік атом энергетикасының белгіленген қуаты 397 гигаватты құрайды. Егер бұл қуат көмір және газ көздері есебінен өндірілсе, атмосфераға жыл сайын қосымша 2 млрд тонна көмірқышқыл газы шығарылатын еді.

1 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Атап айтқанда, ҚР Президенті Үкіметке және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ға Қазақстанда қауіпсіз және экологиялық таза атом энергетикасын дамыту мәселесін зерделеуді тапсырды, «Бұл мәселені инженерлік істі дамыту және білікті атом инженерлерінің жаңа буынын қалыптастыру тұрғысынан қарау керек».

Бұл тақырыптың журналистерді қызықтырғаны маңызды. Сергей Владимирович республикалық «Хабар» телеарнасына сұхбат берді.

Сергей Бежецкий:

– Біздің Республика белсенді дамып келеді және экологиялық таза атом энергетикасына бөлінетін мөлшерлемелер сөзсіз қисынды. Соңғы уақытта Қазақстанда энергетикалық қуаттардың тапшылығы пайда болып отыр. Бүгінде республикада бұл мәселені, оның ішінде атом энергиясын алу арқылы да қалай шешуді ойластыруда. Оның үстіне Қазақстан уран қоры бойынша – әлемдік көшбасшылардың бірі. АЭС салу – радиофобиямен байланысты сезімтал мәселе және мемлекет деңгейінде мұқият пысықтауды талап етеді. Оған қарсы айтарлықтай дәлелдер де, елдегі ядролық энергетиканың дамуын алдын ала анықтайтын объективті жағдайлар да бар. Бұл бағытта бізге келесі рөл беріледі – зауыттың уранмен жетпіс жылға жуық тәжірибесі бар, қуаттылығы жылына 400 тоннаға дейін уран таблеткаларын өндіруге жеткілікті. Бұған қоса ҮМЗ базасында инвестициялық жоба – «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС іске асырылды. Қуаты жылына 200 тонна жылу бөлетін құрастырмалар (ЖБҚ) өндірісі. Бұл «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ядролық-отын циклінің маңызды буыны. ЖБҚ өндіру бойынша қуаттар тиісті дизайндағы қазақстандық атом электр станциялары үшін ядролық отынды болжамды түрде бере алар еді.

2017 жылдан бастап бейіндік магистратураны 15 адам, бакалавриатты – екі адам аяқтады. Бүгінгі күні зауыт есебінен магистратурада бір адам және бакалавриатта 14 адам оқиды.

Сондай-ақ, біз құзырлы ураншы-мамандардың штатына ие болып, тәжірибені жас ұрпаққа жеткіземіз. Қазақстанның еңбек нарығында білікті кадрлардың тапшылығы байқалатынын ескерсек, біздің зауытта осы тұрғыда елеулі жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, бұл техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық. ҮМЗ тәжірибелі қызметкерлері біздің зауыттың даму перспективаларын ескере отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге тартылады. Олар дипломдық және магистрлік жобалардың жетекшілері, арнайы пәндердің оқытушылары ретінде әрекет етеді.

ҮМЗ-да өзінің кәсіби мансабын құрғысы келетіндер үшін білім беру гранттарын беру бағдарламасы жұмыс істейді. Ол жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға мүмкіндік береді. Д. Серікбаев атындағы ШҚМУ-мен ынтымақтастық аясында біздің кәсіпорын «Ядролық энергетика материалдары» және «Уран өнімін алудың инновациялық технологиялары» бейінді білім беру бағдарламалары бойынша білікті инженер-атомшыларды даярлауды жүзеге асырады.

Білім беру ұйымдарының оқушыларына кейіннен жұмысқа орналасу мүмкіндігімен зауыт базасында өндірістік тәжіребеден өту мүмкіндігі беріледі. Осылайша, білікті инженер-атомшылардың жаңа буынын қалыптастыру мәселесі бойынша біз тәжірибелік тұрғыдан талқылай аламыз. Біздің зауыт – атом энергетикасы бағыты бойынша одан әрі дамуды жоспарлап отырғандар үшін тамаша бастапқы алаң.

Анна Чумина