Тексеру қорытындылары бойынша: мәселелер мен шешімдер

ШҚО бойынша Экология департаменті «ҮМЗ» АҚ тексеру жүргізді. Нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді. Экологтар 5 бұзушылық анықтады.

Ұйғарымның бірінші тармағында көрсетілген бұзушылықтар Үлбі өзненіне ластаушы заттардың төгінділерінің келесі сынама алу нүктелерінде белгіленген концентрация нормативтерін арттырумен байланысты:

– ПЛК-1 шығаруда хлорид иондары бойынша 3,37 мг/дм3-ке, сульфаттар 12,3 мг/дм3-ке, кальций 68,59 мг/дм3-ке, магний 2,89 мг/дм3-ке;

– ПЛК-2 шығаруда хлорид иондары бойынша 4,12 мг/дм3-ке, сульфаттар 6,94 мг/дм3-ке, кальций 44,83 мг/дм3-ке, магний 18,54 мг/дм3-ке;

– ПЛК-3 шығаруда хлорид иондары бойынша 1,97 мг/дм3-ке, сульфаттар 11,2 мг/дм3-ке, кальций 47,44 мг/дм3-ке, магний 20,77 мг/дм3-ке.

Екінші тармақ Қаражал кенішінде карьерлік сулардың жергілікті жер бедеріне келесі сынама алу нүктелерінде ластаушы заттардың төгінділерінің нормативтерінен артуына қатысты:

– №1 шығаруда нитриттер иондары бойынша 0,23 мг/дм3-ке, сульфаттар117,47 мг/дм3-ке, кальций 62,7 мг/дм3-ке, магний 43,3 мг/дм3-ке, натрий 22,4 мг/дм3-ке, цинк 0,006 мг/дм3-ке;

– №2 шығаруда сульфат иондары бойынша 87,23 мг/дм3-ке, кальций 22,66 мг/дм3-ке, магний 46,26 мг/дм3-ке, натрий 47,02 мг/дм3-ке, жалпы темір 0,078 мг/дм3-ке, марганец 0,091 мг/дм3-ке, мыс 0,025 мг/дм3-ке, цинк 0,720 мг/дм3-ке. Осымен шаруашылық қызмет процесінде нормативтен асқын төгінділер болған.

Өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі директор Евгений Чуминнің түсіндірмесі бойынша:

– ҮМЗ үшін ең өзекті мәселе төгінділердің нормативтерін белгілеу болып табылады. Қолданыстағы әдістеме бойынша төгілетін суды тазартудың нәтижесі неғұрлым жоғары болса, келесі кезеңге рұқсат алу барысында талаптар соғұрлым қатаң қойылады. Сондықтан рауалы көрсеткіштер бұрын жеткен көрсеткіштерден есептеледі. Сонда ҮМЗ жер бетіндегі су қоймаларынан анағұрлым таза су төгеді және су қоймаларына белгіленген шекті-рауалы концентрациядан төгінді сулардың құрамындағы заттардың концентрациясы төмен болады. Осы нормативтерден ауытқулар үшін төгінділер ШРК төмен екендігін есепке алмастан кәсіпорынға айыппұлдар салынады. Әдістемені қарастыру қатысында ҮМЗ соңғы бірнеше жыл бойы жұмыс істеп келеді. Бұл сұрақ бірнеше мәрте корпоративтік орталық деңгейінде қарастырылды, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органға ұсыныс жасалған хаттар жолданды.

Үшінші тармақта өндіріс және тұтыну қалдықтарын мамандандырылған ұйым болып табылмайтын жеке және заңды тұлғаларға беру туралы айтылған.

Ұйғарымның төртінші және бесінші тармақтарында Курчатов қаласындағы байыту фабрикасының аумағында металл сынығы және қолданыстан шығарылған шиналар түріндегі өндіріс пен тұтыну қалдықтары жабдықталмаған алаңдарда орналастырылатындығы туралы жазылған. Бұл ҚР Экологиялық кодексін, «Әкімшілік құқық бұзу туралы» ҚР кодексін бұзу болып табылады.

Қалдықтарды басқару бойынша экологиялық талаптарды бұзу үшін ҮМЗ-ге 1 604,35 мың теңге мөлшерде айыппұлдар салынды, аталмыш айыппұлдар толық көлемде төленді.

«ҮМЗ» АҚ-да ұйғарымның барлық тармақтары бойынша бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар әзірленді. Тазалау қондырғыларында сүзгі материалдарын жоспардан тыс тазарту; өнеркәсіптік ағын суларға құрамында хлоридтер, сульфаттар, кальций, магнийдің болуына жоспардан тыс сынама алу жүргізілді; оңтүстік өнеркәсіптік алаңда айналма сумен қамтуды ұйымдастыру туралы сұрақты қарастыру; тиісті қызмет түріне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдарға қалдықтарды беру бойынша қызметті ұйымдастыру; қатты су өтпейтін жабыны бар қондырғымен қалдықтарды жинақтауға алаң дайындау көзделген.

Осы уақытта қалдықтарды жинақтауға алаңды дайындаудан басқа (орындау мерзімі – 2022 жылдың 3 тоқсаны) барлық іс-шаралар орындалды.