Білімді жаңартып, дағдыларды шыңдады

27-29 шілде аралығында зауыт жүргізушілері төтенше жағдайларда қауіпсіз жүргізу бойынша оқытудан өтті.

Бұл күндері автокөлік шаруашылықтың 20 қызметкері білімдерін жаңартты, кейін олар полигонда автокөлік жүргізуден білімдерін бекітті.

Іс-шараны «Қазақстан ядролық университеті» филиалы ұйымдастырды. 28 жылдық тәжірибесі бар нұсқаушы Жарылқасын Шотыбаев ҮМЗ шоферлер үшін лектор және тәлімгер болды. Ол қозғалыс қауіпсіздігі бойынша қызметкерлердің білімін жаңартты, ЖҚЕ-дегі соңғы өзгерістер, жүргізушінің рөлде дұрыс отыруы және жұмыс орнының жалпы эргономикасы туралы айтты. Сондай-ақ Жарылқасын Тоқтасынұлы ойлы-қырлы жер, тайғақ жол бойынша қозғалыс тәсілдеріне назар аударып, шұғыл тежеу құпияларын ашты, артқы көрініс айналарын және бейнебақылау камераларын пайдаланудың тиімді әдістерін көрсетті. Тәуліктің қараңғы уақытында қозғалу және бұрылыстарда түрлі санаттағы автокөлікті басқару сияқты тақырыптар да назардан тыс қалған жоқ.

Теориялық бөлімнен кейін жүргізушілерді полигонда емтихан күтті. Мұнда белгілердің, таңбалардың барлық талаптарын орындау және жолдың күрделі учаскелерін – көтерілістер мен бұрылыстарды «дұрыс» өту қажет болды. Барлық қызметкерлер тапсырманы өте жақсы орындады, бірақ кейбіреулер күрделі ауыр техниканы басқарса да, емтихан жеңіл автокөлікте өтті. Сынақ қорытындысы бойынша жүргізушілер сертификат алды!

– Оқыту Қазатомөнеркәсіптің барлық кәсіпорындарында өткізіледі. Қарашадан бастап мен 15 кенішті аралап шықтым, сіздің зауытыңыз 16-шы, – деп әсерімен бөлісті Жарылқасын Тоқтасынұлы. – ҮМЗ жүргізушілерінің білімі мен дағдылары ең жоғары деңгейде деп айта аламын. Жігіттер ережелерді жақсы біледі. Практикалық тәжірибе де өте пайдалы. Мысалы, полигонда емтихан тапсырған алғашқы жүргізуші әрқашан жүк көлігімен жүретін. Ал жүк көлігін жүргізу жеңіл көлікке қарағанда әлдеқайда оңай. Сіз жоғарыдан қарап, өзіңізді сенімді сезінесіз. Дегенмен, ол өте жақсы жұмыс жасады. Қатысушылардың барлық күндері жүз пайыз келуі және олардың оқуға деген қызығушылығы өте таң қалдырды.

Алексей Проскуряков