Нұрлан Жақыпов: ҮМЗ – жоғары технологиялық өндірістің үлгісі

1 маусым күні «Самұрық-Қазына» Қорының Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов Үлбі металлургиялық зауытына ресми сапармен келді.

Делегация құрамында ол Көрме-ақпараттық орталығында, АЭХА ТБУ банкінде және «Үлбі-ЖБҚ» зауытында болды. Нұрлан Қаршығаұлымен бірге зауытқа ШҚО әкімі Даниал Ахметов келді.

Беделді қонақтар кәсіпорынның тарихымен танысты, сондай-ақ жылу бөлетін құрылымдарды өн-дірудің бүкіл процесін өз көздерімен көре алды. Бұл сапар қытайлық серіктестерге ЖБҚ партиясының екінші жеткізілімін жіберумен сәйкес келді.

Нұрлан Жақыпов:

– Мен ШҚО-дағы ең маңызды кәсі-порындардың бірі ҮМЗ-де болдым. Келесі жылы зауытқа 75 жыл толады. Мұнда тантал және бериллий сияқты сирек металдардан жасалған бұйымдар өндірісі шоғырланған. Бұл жерде Қытайдың атом электр станцияларына арналған ЖБҚ – ядролық отынның толтырғышы ретінде қолданылатын, таблеткалар жасалады. ҮМЗ – жоғары технологиялық өндірістің жақсы үлгісі. АЭХА қамқорлығымен ТБУ Банкі оның аумағында орналасқаны жай емес. Банкті орналастыру үшін зауытты таңдау әлемдік қоғамдастық тарапынан Қазақстанға, Қазатомөнеркәсіпке және «Самұрық-Қазынаға» деген жоғары сенімді көрсетеді!