Ғылыми ынтымақтастық

13 маусымда ҮМЗ Көрме-ақпараттық орталығы мен «Үлбі-ЖБҚ» зауытына Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті бастаған делегация келді.

Қонақтар бұл сапардан үлкен әсер алып, пікірлер кітабына жазба қалдырды: «Біз Үлбі металлургиялық зауытында уран, тантал, бериллий өндірісі туралы өте қызықты ақпарат алдық. Кәсіпорын ұжымына, мұражай ұжымына толағай табыстар тілейміз. Қазақ ғылымы мен өнеркәсібі бірлесе жұмыс істеп, табысқа жете берсін!».

Дәл осы күні ҮМЗ ғылыми орталығының басшысы Манарбек Қылышқанов Серікбаев атындағы ШҚТУ-де өткен «ШҚО жоғары оқу орындары мен кәсіпорындарының арасындағы ғылыми ынтымақтастық» атты дөңгелек үстелде баяндама жасады.