ӘСЕР БАҚЫЛАУДА

Үлбі металлургия зауытында сынақ режимінде төгінділер көздерінде автоматты мониторинг жүйесі (АМЖ) іске қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, Үлбінің жер үсті суларына төгінділердің мониторингін орнату Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасының талаптарымен бекітілген.

Зауытта негізгі және қосалқы өндірістерден үш өнеркәсіптік ағын кәріз шығарылымы жабдықталған.

Ұзақ жұмыс аяқталды – ҮМЗ өңірдегі алғашқы кәсіпорындардың бірі ретінде төгінділер көздеріндегі үш АМЖ бекетін тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға берді.

Бұл жүйенің артықшылықтары айқын. Бұл бес параметр бойынша нақты уақыт режимінде Үлбіге төгілген суды тәулік бойы бақылау: тұтыну, температура, сутегі көрсеткіші, лайлану, электр өткізгіштік.

АМЖ мұрағаты деректерді бес жыл бойы сақтайды. Жер үсті суларына төгілген судың жай– күйін үздіксіз бақылау жағдайды дәлірек бақылауға және шамалы өзгерістерге бірден әрекет етуге мүмкіндік береді.

Қазір жаңа жүйені тест сынақтан өткізу жүріп жатыр, барлық деректер зауыттың ақпараттық технологиялар орталығында орналасқан серверге беріледі және сақталады.

Сынақтардың келесі қадамы ақпаратты нақты уақыт режимінде экология саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның серверіне беру болады. Қазіргі уақытта алынған параметрлерді беру бойынша өзара әрекеттесу алгоритмдері пысықталуда.

Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ жұмыстары аяқталғаннан кейін және деректерді жалпы жүйеге біріктіргеннен кейін «ҮМЗ» АҚ төгінділерінің мониторингі барлық мүдделі тараптарға онлайн-режимде қолжетімді болады.