ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЯДРОЛЫҚ ҚОҒАМЫНА 30 ЖЫЛ
Қыркүйек айында «Қазақстанның ядролық қоғамы» (ҚЯҚ) қауымдастығы өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтті. Барлық кездесулер мен салтанатты іс-шаралар Өскеменде өтті, шақырылғандар арасында ҮМЗ басшылығы болды.
ҚЯҚ мақсаты – атом энергиясын бейбіт және қауіпсіз пайдалану мәселелерін зерттеу. Қазақстанның ядролық қоғамы атом саласы мен ғылыми ұйымдардың 30 мыңнан астам қызметкерін біріктіреді.
Сергей Бежецкий, ҮМЗ Басқарма Төрағасы, «Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың рөлі» атты дөңгелек үстелде баяндама жасады. Оның сөзінде ҮМЗ іске асырылған жобалары мен зауыттың болашағы туралы ақпарат айтылды.
Осы іс-шарада KAZENERGY медалімен Владимир Витальевич Вахненко – ҮМЗ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – бас инженері марапатталды.
Самрат Даулбаев, ҮМЗ Басқарма Төрағасының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары ҚЯҚ президенті Владимир Школьникпен бірге Е.П. Славскийдің ескерткішіне гүл қойды.
ҚЯҚ делегациясы ҮМЗ-де болды: бұл үшін Көрме-ақпараттық орталықта экскурсия және уран өндірісі мен «Үлбі-ЖБҚ» зауытына техникалық тур ұйымдастырылды.