ОПЕРАЦИЯ САНЫ АРТУДА

«Үлбі-ЖБҚ» зауытында отын таблеткаларын кептіру учаскесі жұмысын бастады.

Уран диоксидінен отын таблеткаларын кептіру олардың құрамындағы сутекті бақылау және азайту үшін өте маңызды. Мәселе мынада, бұл газдың артық мөлшері, әсіресе АЭС реакторында жұмыс істегенде, ядролық материалдың сутегі сынғыштығын тудырады. Соңғысы твэл, ЖБҚ және жалпы реактор жұмысының сенімділігіне теріс әсер етуі мүмкін.

Құрамындағы сутегінің рұқсат етілген мәндерінен асып кетуін болдырмау үшін таблеткаларды кептіру мен твэлдерге тиеу арасындағы мерзім 96 сағаттан аспауға тиіс. Егер бұл кезең ұзағырақ болса, отын таблеткалары қайта кептіруге жіберіледі.

«Үлбі-ЖБҚ» кептіру учаскесі пайдалануға берілгенге дейін зауыт осы мақсатта бұрын жасалған келісімшарт бойынша ҮМЗ уран өндірісіне отын таблеткаларын жіберді.

Құрылған учаскенің негізі бір ауысымда уран баламасында 1 100 кг отын таблеткаларын «өңдеуді» қамтамасыз ететін кептіру пештері болып табылады.

«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС кептіру учаскесін құру жобасында ұйымдастырушы және тапсырыс беруші ретінде әрекет етті. «МАШЗАВОД» ЖШС пештер әзірленіп, дайындалды. Электрлендіру және автоматтандыру саласындағы жұмыстарды «KAP Technology» ЖШС өз мойнына алды. «ҮМЗ» АҚ ҮЖКИ пештердің жылу есептеулеріне жауапты болды, сондай-ақ учаскені жобалауға қатысты.

Енді «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС қызметі одан да автономды болды, бұл өнімді дайындау сапасына, сондай-ақ түпкілікті тұтынушымен өзара қарым-қатынасқа жағымды әсер етеді.