ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ТАНДЕМ

Қыркүйек айының ортасында Астанада ҮМЗ мен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Біздің кәсіпорын мен жоо ғылыми және өндірістік салалардағы ынтымақтастықты дамытуға, ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды ілгерілетуге жәрдемдесуге, сондай-ақ кадрлар даярлауда күш-жігерді біріктіруге ниетті.

Қол қойылған меморандум шеңберінде зауыт пен жоо-ның күш-жігері бірлескен ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізуге және олардың нәтижелерін өндіріске енгізуге, ҒЗТКЖ-ға инвестициялар тартуға, стартап-компаниялар мен шағын өндірістер құруға бағытталатын болады.

Сондай-ақ, кадрларды даярлау және қайта даярлау, білім беру бағдарламаларын, ғылыми тағылымдамаларды әзірлеу, ғылыми әлеуетті арттыру мәселелерінде ынтымақтастық көзделеді.

– Біздің мақсатымыз – ғылыми-техникалық міндеттерді шешу, өндірістерімізді, технологияларымызды жақсарту және қамтамасыз ету үшін бірлескен қолданбалы зерттеулер жүргізу. ЕҰУ-дың әсерлі ғылыми және кадрлық әлеуеті, заманауи зертханалық базасы, келешегі зор әзірлемелері бар екенін көріп отырмыз. Біз сондай ақ университетпен консорциумға кіруге және белгілі бір зерттеулер жүргізу үшін зертханаларымыз бен мамандарымызды ұсынуға дайынбыз, – деп «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – бас инженері Владимир Вахненко атап өтті.