«ҮМЗ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ЖАҢА МҮШЕСІ

12.01.2024

«ҮМЗ» АҚ барлық дауыс беретін акцияларына иелік ететін жалғыз акционер, Искаков Манас Мырзашевичті, Умербеков Жанат Жанбырбаевичті және Боковая Наталья Николаевнаны жалпы Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері етіп сайлау туралы шешім қабылдады («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №14/23 бетпе-бет отырысының хаттамасы).

Манас Мырзашевич Искаков

Білімі:

1992 ж. – Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Физика және педагогика» мамандығы.

2016 ж. – Томск политехникалық ұлттық зерттеу университеті, «Уран өндіру және өңдеу кәсіпорындарының технологиялары» мамандығы.

Еңбек қызметі:

1992-2001 жж. – Қызылорда облыстық санэпидстанциясының радиациялық гигиена бөлімінің инженер-физигі.

2001-2004 жж. – №6 кен басқармасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ филиалының радиациялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы.

2004-2005 жж. – №6 кен басқармасы «ТКК» ЖШС филиалының радиациялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы.

2005 ж. қазіргі уақытқа дейін – ЕҚОҚД жетекші менеджері, ЕҚОҚБ менеджері, ЕҚОҚБ бас менеджері, ЕҚОҚД бас менеджері, ӨҚД директоры, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндірістік қауіпсіздік жөніндегі (HSE) басқарушы директоры.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесіндегі жалпы еңбек өтілі – 23 жыл. Атқаратын қызметінде – 3,5 жыл. Басшылық лауазымдарда – 12 жыл.

АҚ және ЖШС басқару органдарында төраға / мүше / тәуелсіз директор ретіндегі жұмыс тәжірибесі:

– 2022 ж. тамызынан бастап қазіргі уақытқа дейін – «KAP Technology» ЖШС.

Жанат Жанбырбаевич Умербеков

Білімі:

2000 ж. – ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебі, «Құқықтану» мамандығы.

2003 ж. – Басқару институты жеке білім беру мекемесі, «Қаржы және несие» мамандығы.

2018 ж. – ФГАОУВО «МИСиС» Ұлттық технологиялық зерттеу университеті», «МВА – тау-кен өндірісінің менеджменті» мамандығы.

Еңбек қызметі:

2000-2005 жж. – ҚР ІІМ.

2006-2013 жж. – ҚР ҰҚК.

2013-2019 жж. – ақпаратты қорғау және іс жүргізу басқармасының бастығы, мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының бастығы, Іс жүргізу департаментінің, Мемлекеттік құпияларды қорғау және қауіпсіздік департаментінің директоры, Әкімшіліктің кешенді қауіпсіздігі жөніндегі басқарушы директоры, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Әкімшілігінің қауіпсіздік және мемлекеттік органдармен байланыс жасау жөніндегі Басқарушы директоры.

2019-2023жж. – ҚР ҰҚК офицері.

2023 ж. қазіргі уақытқа дейін – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Әкімшілігінің HR және әлеуметтік жұмыс жөніндегі басқарушы директоры.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесіндегі жалпы еңбек өтілі – 6,5 жыл. Атқаратын қызметінде – 6 ай. Басшылық лауазымдарда – 10 жыл.

АҚ және ЖШС басқару органдарында төраға / мүше / тәуелсіз директор ретіндегі жұмыс тәжірибесі:

– 2015 ж. қыркүйегінен 2019 ж. қазанына дейін – «Qorgan Security» ЖШС,

– 2019 ж. шілдеден 2019 ж. желтоқсанға дейін – «Волковгеология» ЖШС.

Наталья Николаевна Боковая

Білімі:

1993 ж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, «Физика» мамандығы.

1996 ж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, физика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD.

Еңбек қызметі:

1997-2000 жж. – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғарыш физикасы және радиациялық физика кафедрасының аға оқытушысы.

1997-2002 жж. – мұғалім, Алматы қ. №55 ОМ әдістемелік бірлестігінің басшысы.

2002-2003 жж. – «Элтехнология» ҒӨК» ЖШС директорының орынбасары.

2003-2007 жж. – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ маркетинг және өткізу департаментінің менеджері.

2007-2010 жж. – «Baiken-U» ЖШС өткізу департаментінің директоры.

2010 ж. қазіргі уақытқа дейін – өндірістік департаменттің есепке алу және бақылау басқармасының бастығы, табиғи уран және ядролық материалдарды есепке алу және бақылау басқармасының бастығы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Уран және ядролық материалдарды есепке алу және бақылау департаментінің директоры.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесіндегі жалпы еңбек өтілі – 17 жыл. Атқаратын қызметінде – 3,5 жыл. Басшылық лауазымдарда – 15 жыл.

АҚ және ЖШС басқару органдарында төраға / мүше / тәуелсіз директор ретіндегі жұмыс тәжірибесі:

– 2016 ж. – «РУ-6» ЖШС,

– 2019 ж. қазіргі уақытқа дейін – «Қазатомөнеркәсіп -SaUran» ЖШС.

• «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ – атом энергетикасы, электрондық, металлургия өнеркәсібі және басқа да қызмет салаларының қажеттіліктері үшін әлемде танылған уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушілердің бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді.

• «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – табиғи уран өндіруде әлемдік көшбасшы және атом электр станциялары үшін уран, сирек металдар мен ядролық отын импорты мен экспорты бойынша Қазақстан Республикасында ұлттық оператор болып табылады. Қазатомөнеркәсіп компаниялар тобына 20 000-нан астам адам жұмыс істейтін 46 кәсіпорын кіреді. Активтерге соңғы өнімдердің өндірістік тізбегіне қатысатын кәсіпорындардың барлық кешендері кіреді – геологиялық барлау, уран өндіру және ядролық отын өндіруден бастап ғылымға, әлеуметтік қамсыздандыруға және оқытуға дейін.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ орналастырылған акцияларының жалпы санының 75% тиесілі, 25% «Астана» халықаралық биржасында және Лондон қор биржасында еркін айналымда.

«ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі