A типті AFA 3G дизайнды ЖБҚ өндірісіне дайынбыз!

12 қаңтарда CGNPC-URC компаниясы «Үлбі-ЖБҚ» А типті AFA 3G дизайнды ЖБҚ сертификацияланған өнім беруші ретінде тану туралы №3421001 сертификат берді.

2023 жылғы 18 желтоқсанда А типті AFA 3G дизайнды ЖБҚ шығаратын зауытты сертификациялау сәтті аяқталды және технологияны иеленуші –Framatome француз компаниясынан сертификат алды. Сертифкациялау зауытқа АА типті AFA 3G дизайнды ЖБҚ қосымша А типті AFA 3G дизайнды ЖБҚ шығару мүмкіндігін береді. Осылайша зауыт шығаратын өнімнің желісі артады.

Өндірістің басталуы алдында «Үлбі-ЖБҚ» зауытын тапсырыс беруші CGNPC-URC А типті AFA 3G дизайнды ЖБҚ сертифкацияланған жеткізуші ретінде тану рәсімін өту керек болған. Ол «Үлбі-ЖБҚ» қызметінің барлық спектрін бағалауды қамтыды: ЖБҚ дайындау үшін компоненттерді сақтау тәртібінен бастап сыртқы аудиттердің есептерін қарауға дейін. Қысқа мерзімде «Үлбі-ЖБҚ» мамандары барлық қажетті құжаттарды ұсынды, сондай-ақ жаңа дизайндағы ЖБҚ өндірісін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өндіріс процесіне жетіспейтін рәсімдерді енгізді. Осы типтегі ЖБҚ тапсырысының алғашқы жеткізілімі 2024 жылдың мамыр айында өтеді.