«ҮМЗ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ЖАҢА МҮШЕСІ
30.04.2024
«ҮМЗ» АҚ жалғыз акционері Сахиев Саябек Қуанышбекұлын жалпы Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі етіп сайлау туралы шешім қабылдады («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі №9/23 отырысының хаттамасы). Бұрын бұл лауазымды атқарған Жакипова Асем Серикановна мерзімінен бұрын өз өкілеттігін тоқтатты.
Саябек Қуанышбекұлы Сахиев
Білімі:
1996 ж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті, «Физика» мамандығы.
2009 ж. – Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университеті, «Физика» мамандығы.
2021 ж. – Abai University, The TOP MANAGER UNIVERSITY Mini-MBA Program (316 academic hours).
Ғылыми дәрежесі –физика-математикалық ғылымдар докторы.
Еңбек қызметі:
1995-2000 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, Алматы қ.
2000-2001 жж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, Астана қ.
2001-2002 жж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және орта кәсіби білім департаменті Мемлекеттік стандарттар және мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыру басқармасының бас маманы, Астана қ.
2002 ж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім департаменті лицензиялау бөлімінің бас маманы, Астана қ.
2002 ж. – Ғылым департаменті Ғылыми-техникалық бағдарламаларды болжау және дамыту басқармасы ғылыми-техникалық бағдарламалар және инновациялық қызмет бөлімінің бастығы, Астана қ.
2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім департаменті мемлекеттік тапсырыс және білім стандарттары басқармасы мемлекеттік білім стандарттары бөлімінің бастығы, Астана қ.
2003-2004 жж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім департаменті мемлекеттік стандарттар бөлімінің бастығы – ұйымдастырушылық және әдістемелік қамту басқармасы бастығының орынбасары, Астана қ.
2004 ж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім департаменті мемлекеттік стандарттар, ұйымдастырушылық және әдістемелік қамту басқармасының бастығы, Астана қ.
2004 г. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен ауысу тәртібінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, Астана қ.
2004-2005 жж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әкімшілік білім департаментінің кадр және ұйымдастырушылық жұмыс басқармасының бастығы, Астана қ.
2005-2006 жж. – «Отан» партиясы төрағасының м.а. көмекшісі, «Отан» Республикалық саяси партиясы Қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – ҚБ), Алматы қ.
2006 ж. – партияның орталық аппараты әлеуметтік-экономикалық саясат департаментінің директоры, «Отан» Республикалық саяси партиясы ҚБ, Алматы қ.
2006-2007 жж. – идеологиялық жұмыстар департаменті бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру бөлімі директорының – меңгерушісінің орынбасары, «Отан» Республикалық саяси партиясы ҚБ, Алматы қ.
2007-2008 жж. – бағдарламалар және сыртқы байланыстарды бақылау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы «Нұр Отан» Ұлттық-Демократиялық партиясы ҚБ, Алматы қ.
2008 ж. – жастар саясаты және сыртқы байланыстар департаменті сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы «Нұр Отан» Ұлттық-Демократиялық партиясы ҚБ, Алматы қ.
2008-2013 жж. – Қазақстан Республикасы «Нұр Отан» Ұлттық-Демократиялық партиясы ҚБ сыртқы байланыс басқармасының бастығы, Алматы қ.
2013 ж. – Қазақстан Республикасы «Нұр Отан» Ұлттық-Демократиялық партиясы ҚБ орталық аппарат секретариаты халықаралық ынтымақтастық протокол бөлімінің меңгерушісі, Алматы қ.
2013-2015 жж. – ҚазАТБИ Ғылыми-өндірістік кешен ассоциациясы Заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, Алматы қ.
2015-2016 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Ядролық физика институты» ШБҚ РМК бас директоры, Алматы қ.
2016-2017 жж. – ҚазАТБИ Ғылыми-өндірістік кешен ассоциациясы Заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, Алматы қ.
2017-2020 жж. – ғылым департаментінің директоры, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
2020-2021 жж. – ғылыми жұмыс және цифровизациялау жөніндегі проректор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
2021-2022 жж. –агротехникалық хабтың директоры, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Алматы қ.
2022 – осы уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Ядролық физика институты» ШБҚ РМК бас директоры, Алматы қ.
Марапаттары:
2005ж. – «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі
2008ж. – «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалі
2011ж. – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі
2012ж. – «Ерен еңбегі үшін» медалі.
• «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ – атом энергетикасы, электрондық, металлургия өнеркәсібі және басқа да қызмет салаларының қажеттіліктері үшін әлемде танылған уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушілердің бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді.
• «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – табиғи уран өндіруде әлемдік көшбасшы және атом электр станциялары үшін уран, сирек металдар мен ядролық отын импорты мен экспорты бойынша Қазақстан Республикасында ұлттық оператор болып табылады. Қазатомөнеркәсіп компаниялар тобына 20 000-нан астам адам жұмыс істейтін 46 кәсіпорын кіреді. Активтерге соңғы өнімдердің өндірістік тізбегіне қатысатын кәсіпорындардың барлық кешендері кіреді – геологиялық барлау, уран өндіру және ядролық отын өндіруден бастап ғылымға, әлеуметтік қамсыздандыруға және оқытуға дейін.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ орналастырылған акцияларының жалпы санының 75% тиесілі, 25% «Астана» халықаралық биржасында және Лондон қор биржасында еркін айналымда.
«ҮМЗ» АҚ Баспасөз-қызметі