ҮЛБІ МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ЗАУЫТЫ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ
22.08.2024
Жалғыз акционер «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын – 7 (жеті) адам деп белгілеу туралы шешім қабылдады, Директорлар кеңесі мүшелерінің Сеитжан Бауыржанулы Жаныбековтың, Наталья Николаевна Боковаяның, Алмас Абдигалиевич Рыспановтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын, «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып Асет Кенесбекович Махамбетов «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге сайлансын («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 22 тамыздағы №13/24 бетпе-бет отырысының хаттамасы).
МАХАМБЕТОВ АСЕТ КЕНЕСБЕКОВИЧ
1991 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі:
2011-2014 – Пенсильвания штатының Университеті (The Pennsylvania State University), «Болашақ» бағдарламасы бойынша, ядролық инженерия ғылымдар бакалавры.
Біліктілік бағдарламалар бойынша сертификаттардың болуы туралы мәліметтер (ACCA, ACA, CPA, CIMA, CMA, CAP/CIPA, DipIFR, DipFM, ДипCIMA, Кәсіби.бух., ICFM және т.б..): Энергетикалық инженерлер ассоциациясынан (Association of Energy Engineers) энергия менеджерінің сертификаты (Certified Energy Manager), 2022 жыл қараша.
Еңбек қызметі:
2012 наурыз – 2014 желтоқсан – тағылымдамашы, реактор операторы, реактордың аға операторы, Зерттеу Ядролық Реакторы Breazeale, Пенсильвания штаты Университетінің (The Pennsylvania State University) «Radiation Science and Engineering Center» орталығы.
2015 наурыз – 2015 маусым – зерттеуші ассистенті, Назарбаев Университеті жанындағы «National Laboratory Astana» жеке мекемесі.
2015 маусым – 2020 ақпан – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Ядролық-отын циклі жобалар департаментінің менеджері, Ядролық-отын циклі жобалары және атом энергетикасы аналитикалық басқарманың бастығы, Атом энергетикасы жобалар департаменті Ядролық технологиялар жөніндегі аналитикалық бөлімнің бастығы.
2020 наурыз – 2020 тамыз – Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі, Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары.
2021 қараша – 2023 сәуір – «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС кеңесшісі, жобаны басқару жөніндегі бас менеджері, атом энергетикасы бөлімінің бастығы.
2023 сәуір – 2024 мамыр – «Самұрық-Қазына» АҚ Мұнайгаз, тау-кен және энергетикалық активтер департаментінің аға менеджері, Энергетикалық және тау-кен активтер департаментінің тау-кен активтер секторының жетекшісі.
2024 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЯОЦ жөніндегі басқарушы директоры.
Жалпы еңбек өтілі 12 жыл 3 ай. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесінде – 4 жыл 8 ай. Атқаратын лауазымында – 1 ай. Басшылық лауазымдарда – 5 жыл.
• «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ – атом энергетикасы, электрондық, металлургия өнеркәсібі және басқа да қызмет салаларының қажеттіліктері үшін әлемде танылған уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушілердің бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді.
• «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – табиғи уран өндіруде әлемдік көшбасшы және атом электр станциялары үшін уран, сирек металдар мен ядролық отын импорты мен экспорты бойынша Қазақстан Республикасында ұлттық оператор болып табылады. Қазатомөнеркәсіп компаниялар тобына 20 000-нан астам адам жұмыс істейтін 46 кәсіпорын кіреді. Активтерге соңғы өнімдердің өндірістік тізбегіне қатысатын кәсіпорындардың барлық кешендері кіреді – геологиялық барлау, уран өндіру және ядролық отын өндіруден бастап ғылымға, әлеуметтік қамсыздандыруға және оқытуға дейін.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ орналастырылған акцияларының жалпы санының 62,99336549% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға, 12,00663451% Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі, 25% «Астана» халықаралық биржасында және Лондон қор биржасында еркін айналымда.